Мемлекеттік басқару ісіндегі саяси партиялардың алар орны орасан зор. Бұл қажеттілік әлемдік тәжірибелермен әлдеқашан ақ дәлелденіп үлгерген. Елдегі саяси партиялардың даму үрдісі сол елдің «саяси айнасы» деп айтуға болады. Әлемдік сахнада саяси плюрализмді көрсетпекші қазақстандық билік, бұл тұста мардымды ешнәрсемен мақтана алмайды.
«ЖСДП» елімізде жалғыз ғана ресми тіркеудегі, өзіндік пікірі бар оппозициялық партия болып табылады. Бұл ақиқат. Дегенмен, «ЖСДП» еліміздегі жоғары шешім қабылдау алаңдарынан орын алмаса да, көптеген қиыншылықтарға қарамастан, мемлекетімізде зайырлы демократиялық қоғам дамыту жолында аянбай еңбек етуде. Ал осындай «ЖСДП» партиясының халықаралық «СоцИнтерн» ұйымындағы толыққанды мүшелігі, әлемдегі ең үздік таңдаулы тәжірибелік әлеуметтік реңдегі демократиялық құндылықтарын елімізде еңгізілуіне, сонымен қатар, өзінің «ерекшелігі» бар қазақстандық жағдайдағы саяси партия қызметтерінің негіздерін әлеммен бөлісуіне тең мүмкіндік береді.
Бүкіл континенттен 135 тен астам саяси партияларды біріктіретін «Социалистік интернационал» халықаралық ұйымы 1951 жылдан бастау алып, биліктегі не болмаса негізгі оппозициялық бағыттағы лейбористік, социал демократиялық, социалистік саяси партиялардан құралады. «Социалистік интернационал» халықаралық ұйымына кіру бойынша 2008 ж. басталған жұмыстар нәтижесінде, 2012 ж. аталмыш ұйымның мүшесі болды. «Жалпыұлттық социал демократиялық партия» «Әлемдік социалистік интернационал» ұйымына кірген Қазақстаннан жалғыз ғана партия болып табылады.
Әлемдегі болып жатырған алуан түрлі саяси процесстер әрдайым «Социалистік интенационалдың» назарынан тыс қалған емес, ондағы мүше партиялар әлемде социал демократиялық идеялардың нығаюы мен дамуы үшін тақырыптық, аумақтық комитеттер, комиссиялар арқылы салиқалы саясатын жүргізуде.
Қазақстандағы «ЖСДП» партиясының өкілдері аталмыш ұйым қатарында өткізіліп жатырған конгресстер мен жиындарда жоғары мінберлерден талай сөз сөйлеп, 2014ж. «Социалистік интернационалдың» ТМД, Кавказ және Қара теңіз елдері бойыша комитетінің отырысын Астана қаласында жоғары деңгейде өткізді.
Халықаралық интеграция алаңындағы «ЖСДП» партиясы жақында ғана Ресей Қазақстан шекарасында айдалада қалған 500 дей көрші қырғыз бауырлардың аман есен еліне жетуіне атсалысса, Белоруссия мемлекетіндегі социал демократиялық «Народная Грамада» партиясының лидері Николай Статкевичтің ұсталып, абақтыға қамалуын сынап, Статкевичке және оның партиялық үзеңгілестеріне қолдайтынын жеткізген болатын.
Саяси партиялардың әлемдік стандарттарға ұмтылуы бүгінгі күннің талабы болғандықтан Қазақстандағы «ЖСДП» әлемдік деңгейдегі «Социалистік интернационалмен» интеграциялық қарым қатынастарды одан әрі дамытуына пәрменді күш қосатын болады.
Мирамбек Камалов, ЖСДП төрағасының орынбасары, халықаралық хатшы