Астана қ. 27 наурыз, 2026 жыл
Біз, Қазақстанның социал-демократтар жины қатысушылары, барлық айтылған пікірлерді және ЖСДП-ның бүкіл тәжірибесін ескере отырып мәлімдейді.
Жаңа Конституцияда көрсетілген қағидаларды социал-демократиялық құндылықтар негізінде алға жылжытып, толықтай жүзеге асыруды мақсат етеді.
Еліміз жаңарып, дамыған сайын, біздің партияның ұзақ жылдар бойы қорғап келген идеялары мен талаптары заң жүзінде біртіндеп жүзеге аса бастады. Бұл – ең алдымен мемлекетті демократияландыру, парламенттің рөлін күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, қазақстандықтардың құқықтарын қорғау және әділдік принципін орнықтыруға қатысты ұсыныстар болды.
Қазақстанның даму бағыты біздің ЖСДП-ның ұстанымдарымен астасып жатыр. Бұл – партияның идеологиясының дұрыс екенін көрсетеді. Сонымен қатар халықтың мүддесі үшін өз көзқарасын табанды түрде қорғаудың маңызы екенін дәлелдейді.
Жүргізілген реформалардың ең маңызды нәтижесі – жаңа Конституцияның бүкіл халық тарапынан қабылдануы болды. Ендігі басты міндет – оның қағидаларының шынайылығы мен орындалуын қамтамасыз ету.
Осыған байланысты, қазіргі қоғамдық-саяси жағдайды ескере отырып, ЖСДП өз саясатын айқындап, оны жаңа Бағдарламалық негізде жүзеге асырады.
Біздің бағдарламалық ұсыныстарымыздың негізі – Конституциядағы маңызды қағидалардың бірі болған, жер мен оның қойнауы және барлық табиғи байлықтар халыққа тиесілі деген норманы нақты іске асыру. Бұл – шикізат саласынан түсетін салықтар мен табиғатты пайдаланудан түсетін табыстың бір бөлігін тікелей ел азаматтарына бөлу дегенді білдіреді.
Сондай-ақ, біз заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекетке қайтару жұмысын жалғастыру қажет деп санаймыз. ЖСДП енгізген «Қазақстандық өмір сапасы стандарты» ұғымын әрі қарай дамыту маңызды деп есептейді.
Бұдан бөлек, жағдайы төмен жандарды қолдау, зейнет жасын төмендету, ауылдарды дамыту, денсаулық сақтау саласын жаңарту, білім мен ғылымда үлкен серпіліс жасау, мәдениетке, руханиятқа және экологияға ерекше көңіл бөлу жөнінде ұсыныстар береміз.
Біз социал-демократиялық құндылықтарымызды қорғап келдік. Осыдан былай бұл ұсыныстар заң жүзінде барлық қазақстандықтардың игілігі үшін қызмет ететін болады!