Қызылорда қаласындағы «Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институты ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосып отырған республикадағы іргелі мекеме.
Дегенмен, ғылым жолындағы ғалымдар бүгінде мемлекеттің қолдауына зәру. Биыл базалық қаржыландырудан алынып тасталған «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы» ҒЗИ ұжымы жыл басынан бергі
10 айлық жалақыларын енді алып жатыр. Қаржыландырудың тоқтағанына қарамастан, жанкешті ғалымдар ғылым үшін жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалыинституттың бүгінгі ахуалына орай ғалымдармен кеңесіп, мәселені пайымдады.
Последняя трагедия на карагандинской шахте имени Костенко стала своеобразной финальной точкой в «разводе» с иностранным инвестором, который на протяжении более двух десятков лет «выжимал соки» и снимал «сливки», мало заботясь о безопасности горняков и металлургов
Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау үшін ғылыми жұмыстар атқарылмауы экологиялық апатқа ғана емес, аймақта мезгіл сайын пайда болатын су тасқынына әкелуі мүмкін.
Осыған қатысты жақында БҚО-дағы ЖСДП өңірлік филиалы өткізген дөңгелек үстел барысында қоғам белсенділері мен парламентшілер алаңдаушылық білдірді.
ЖСДП өкілдері Ақмола облысы Қорғалжың ауданы Арықты ауылына барып, жайылым және шабындық жердің жоқтығына шағымданған тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап қайтты.
Жақында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина-фармацевтикалық саласының мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға Астана қаласынан арнайы келген партиямыздың Саяси кеңес президиумының мүшесі, Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаров және Семей қаласындағы дәріхана бизнесінің кәсіпкерлері қатысты.
Жақында соңғы үш жылдан бері өткізіліп келе жатқан шахматтан VІІ-ші «ЖСДП кубогы» турнирі өтті. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен балалар арасындағы биылғы шахмат турниріне партия төрағасы Асхат Рақымжанов қолдау білдірді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының активы үзеңгілесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бұрынғы кандидат Жеңіскүл Дүзбаеваның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады.
Бір ай бұрын Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжановтың Солтүстік Қазақстан облысы сайлаушыларымен кездесуі барысында еліміздің Оңтүстік өңірінен «Еңбек» бағдарламасы арқылы Cолтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданына қарайтын Чистов ауылдық округінің құрамындағы Пролетарка ауылына көшіп келген Ақерке Кемелбекова мұнда не су, не жүретін жол, не жарық жоқ екеніне шағымданған болатын.