Құрметті Олжас Абайұлы!
Бүгін сіздердің назарларыңызды солтүстік облыстардың шағын елді мекендері мен шекаралас аудандарының көптеген тұрғындарының өміріне әсер ететін күрделі мәселеге назар аудара отырып, депутаттық сауал жолдаймын. Тұрғындардың алдында тұрған елеулі қиындықтар туралы бәріміз білеміз және нақты мысал ретінде – Петропавлдан екі жүз шақырым қашықтықта орналасқан Балуан ауылы. Бір кездері бұл жер өркендеген және үлкен ауыл болған еді. Қазір ауыл аумағында бес-алты отбасы ғана тұрады, олардың арасында үйінен кетуге мүмкіндігі жоқ жалғызбасты адамдар. Олар күнкөріс үшін мал ұстауда. Сол малды бағу үшін ауыл маңында да жер жоқ!
Қалыптасқан жағдайдың басты себептерінің бірі – бұрын осы елді мекеннің пайшыларына тиесілі жерлер, үшінші тұлғаларға олардың келісімінсіз берілген жер үлестеріне байланысты. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өмір сүруге және жұмыс істеуге жалғыз табыс көзі болған ауыл біртіндеп жойыла бастады. Мұндай жағдай еліміздің көптеген елді мекендерінде орын табуда. Айта берсек мысалдар өте көп!
Ауылдардың құлдырауы мен жойылып бара жатқанын ескере отырып, бұл жағдайды жақсартуға және осы жерлерде тұратындарды қолдауға көмектесетін кешенді шараларға назар аудару өте маңызды. Әрине, Үкімет бұл қалыптасқан жағдайды азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстікке көшіру арқылы өзгертуге тырысуда.
Өкінішке орай, онда да азаматтарды көшіру бағдарламасына бөлінген мемлекеттік қаражатты ұрлау схемалары ашылуда. Айтып кетер болсақ: Бас прокуратура осы бағдарламаны іске асырудағы көптеген заң бұзушылықтар туралы хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, миллиард теңгедей ұрланған! Бұл біз көріп отырғанның кішкене ғана бөлігі. Барлық жерде сыбайлас жемқорлық! Қарапайым халық әділетсіздіктен шаршады!
Үкімет сыбайлас жемқорлық схемаларын болдырмау үшін қоныс аудару бағдарламаларының іске асырылуын бақылауды күшейтуі қажет. Сондай-ақ, функциялардың қайталануын болдырмау және проблемалардың тиімді шешілуін қамтамасыз ету үшін ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерімен айналысатын әртүрлі мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет деп есептейміз.
Бұған қоса, жоғарыда айтылғандардың негізінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары келесі сұрақтарға жауап жолдауды сұрайды:
- Үкімет Балуан сияқты шағын елді мекендерді қалпына келтіру үшін қандай шаралар қабылдауды жоспарлап отыр?
- Жер үлестерін жер иелері білмей үшінші тұлғаларға беру мәселесін шешу үшін бұдан әрі қандай іс-шаралар жүргізілетін болады?
- Халықты көшіру бағдарламалары бойынша ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін қандай шаралар қабылданады?
- Ауылдық аумақтарды тиімдірек дамыту үшін мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді қалай жақсартуды жоспарлап отырсыздар? Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.
Құрметпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары
Н. Әуесбаев
А. Рақымжанов
А. Сағандықова
Н. Сайлаубай