«Венера» саяжайының тұрғындарына көмек қажет

Бірнеше айдан бері Орал қаласының «Венера» саяжай қоғамының ондаған тұрғыны көктемгі су тасқынынан зардап шеккен үйлері үшін өтемақы талап етіп отыр. Су басқаннан кейін жергілікті тұрғындар үйлерін жөндегенімен, біраз уақыттан кейін топырақтың шөгуі салдарынан үйлері қайта бұзыла бастады.

8 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «Венера» саяжайының бірнеше тұрғыны көктемгі тасқыннан зардап шеккен үйлерінің жанында жиналды. Оралдағы су тасқыны кезінта талай үй зардап шеккен болса мұндағы жағдай мүлде басқа. Бұл тұрғындар ұйлерін қарғын су емес жер асты суының көтеріліп кетуі салдарынан үйлері тұруға жарамай қалған.

«21 сәуірде, саяжайдағы кейбір үйлерді су басты, тұрғындар бірігіп біз ұзындығы екі шақырым болатын бөгет тұрғызып, үйлерді судан қорғап қалдық. Дегенмен, біздің жеріміз құмды. Бетінде 50 сантиметр құнарлы топырақ жабындысы бар екен. Су біздің үйлерге жерасты арқылы келіп, бүкіл кәріздер, әжетханалар мен жертөлелерді басты», — дейді «Венера» тұрғыны Марат Укаев.

Мараттың айтуынша, жерасты суы келгеннен кейін саяжайдағы үйлердің барлығы дерлік суға толған. Тұрғындар эвакуацияланып, уақытша орналастыру орындарына көшірілген. Олар үйлеріне оралғаннан кейін өтемақы алу үшін құжаттарды рәсімдей бастады. Комиссия кейбір тұрғындарға үй беру туралы шешім қабылдаса, кейбіріне жөндеу үшін ғана қаржы бөлген. Мысалы, Марат 2,6 миллион теңгеден астам қаражат алған, бірақ үйлері қазіргі таңда апатты жағдайда тұр.

«2016 жылдан бері «Венера» саяжайында тұрамын. Құжаттарды рәсімдеуге үлгермей қалдым, кейін мораторий енгізілді, енді соңғы сегіз жыл бойы осы үйде тұрғанымды дәлелдей алмай отырмын. Су басқан кезде бізді эвакуациялады, қайтып келгенде үйімізде тұра алмадық. Қазір 15 шаршы метр болатын жатақханада бес баламмен күнелтіп жатырмыз. Өзімнің қан қысымым бар. Қазір қант диобетімен есепте тұрмын. Көмек сұрап барғанда ең болмағанда 100 немесе 150 АЕК көлеміндегі жәрдем де берілмеді», — дейді Жансұлу Көлпердесова.

ЖСДП филиалының төрайымы Анаргүл Әбенова «Венера» қоғамынан өте көп шағым келіп жатқанын айтып отыр. «Тек «Венера» қоғамынан 62 адамнан шағым келіп түсті. Көпшілігіне жөндеу үшін ақша бөлінді, бірақ жөндеуден кейін үйлердің іргетасы одан әрі шөгіп кетті. Енді тұрғындар үйлерін бұзып, жаңа баспана талап етуде, бірақ әкімдік төленген ақшаны қайтаруды талап етіп отыр. Ал тұрғындардың кейбірінің банктік карталары да бұғатталып, несие төлеуге шамалары жетпей отыр», — дейді Әбенова.

Әбенованың айтуынша, Орал қаласында су тасқынынан кейін 200-ге жуық адам жаңа баспанаға қол жеткізе алмай, қиын жағдайға тап болған. Қиын жағдайға тап болған тұрғындарға шұғыл көмек қажет. Әкімдік пен жергілікті билік өкілдері бұл мәселені назарға алып, әділ шешім қабылдауы тиіс.

ЖСДП Батыс Қазақстан облыстық филиал

Смотрите также: