«Жастар-еліміздің ертеңі»

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Атырау филиалында студент жастармен пікірлесу кездесу өтті.

Кездесу барысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бағдарламасы мен атқарылып жатырған жұмыстары туралы ақпараттар айтылды. ЖСДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндеге фракция депутаттарының депутаттық сауалдары мен көтерген мәселелері талқыланды.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы жастардың қолында. Қоғамның қозғаушы күші–жастар. Азаматтық қоғам мықты болса, мемлекет те мықты болады. Жастардың саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыда сауатты болып, қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін жасалатын қадамдар туралы жастар пікір бөлісті.

Сонымен қатар жастар отырыста телефонда құр уақыт өткізбей, мемлекеттік порталдарда ашық құқықтық-нормативтік актілер, ашық бюджет, ашық диалог бөлімдері арқылы өз ұсыныстарын, пікірлерін айтып, жергілікті бюджетті талқылап, дауыс беру арқылы қай секторға қанша қаржы бөлу керегін шешуге үлес қосу мүмкіндіктері туралы пікірлесті.

Болашақ тарихшы Диас Мақсатұлының айтуынша әр халықтың болашағы жастарға тәуелді болғандықтан бүгінгі жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп, ұлттық құндылықтарды өзінен кейінгілерге мұра қылып табыстауы мақсатында сақтап қалу қажет.

Мемлекеттің дамуына қосқан жастардың үлесі, ол–өзі өмір сүріп отырған ортаны, ауласын, ауылын жақсартуға ұмтылу.

Бірақ бүгінгі күні жастардың баспаналы болуы оңай емес, сол себепті пәтер жалдаған адамның психологиясы қалыптасуда. Жалдамалы пәтерде жүрген азаматтар менің үйім, менің жерім деп санамайды, яғни, тұрғындар бар, бірақ өз үйі мен ауласына жанашыр азаматтар жоқ.

Мемлекет жастар саясатына қатысты қолға алған әр бастамада жастардың тұрғын үйлі болуы мен білім алу мүмкіндігін кеңейту, оларды жұмыспен қамту, іскерлік белсенділігі мен қоғамдағы белсенділігіне қатысты, бағдарламалар мен заңнамалық құжаттардың жетілдірілуі маңызды,–дейді Атырау жоғары медициналық колледжінің студенттік Парламентіндегі тәртіп және құқық фракциясының депутаты Назгүл Нагимова.

Жастардың салауатты өмір cалтын қалыптастырып, білімдерін шыңдап, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатына бағытталған іс-шаралар көбірек ұйымдастырылуы керек.

Жастар – жердің, мемлекеттің иесі. Әрбір жаста өз Отанына деген патриоттық сезімі қалыптасса ғана елдің келешегі кемелдене түспек. Сонда ғана мемлекетіміздің азаматтық қоғамы жігерлі, қайратты азаматтардан құралады.

ЖСДП Атырау облыстық филиалы

Смотрите также: