
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің экологиялық мәселелер және табиғатты пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы болды.
Отырысқа комитет мүшелерінен бөлек ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері мен сала мамандары да арнайы қатысты.
Заң жобасын талқылауға Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері Ажар Сағандықова, Нұрлан Әуесбаев және партия төрағасы Асхат Рақымжанов та қатысты.
Мәжілістің экологиялық мәселелер және табиғатты пайдалану комитеті мүшелерінің әзірлеген заң жобалары, Экология мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде Экологиялық кодекске көміртекті реттеу саласын жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізу көзделген. Бұдан бөлек, қоршаған ортаның жай-күйінің мониторингісін, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу саласындағы технологиялық қызметтерді ажырату ұсынылады.
Таныстырылым барысында ЖСДП фракциясының мүшесі депутат Нұрлан Сатыбалды Әуесбаев, талқыланып отырған заң жобасында «Казгидромет» жұмысына енгізілгелетін өзгерістерге сәйкес салада мамандардың мүмкіндігі мен ғылыми әлеуеті қаншалықты жетілдірілгендігі туралы және «Қазгидромет» құрылымы бұл өзгеріске қаншалықта деңгейде мамандармен жасақталып отырғандығы туралы сауалын ортаға тастады.
Сауалға «Қазгидромет» РМК Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Тұяқов Дарын Шылбыұлы жауап бере келе қазіргі таңда құрылымның қарамағында Ғылыми зерттеу орталығы жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді. Оның айтуынша бүгінгі күні ғылыми орталықта 30 дан астам ғылыми қызметкер мен мамандар жұмыс жасап жатқан көрінеді.
«Қазіргі таңда табиғаттың тосын жағдайларына төтеп беру үшін біздің мамандар әлемдік деңгейде іс жүргізіп жатыр. Соның ішінде БҰҰ-ның табиғат зерттеу ұйымы саласымен тәжірибелер алмасып отырамыз. Мұндай жұмыстардың барлығы мамандардың шыңдалып жетілуін талап етері анық. Дегенмен ұлттық қауіпсіздік саласы да қоян қолтық жұмыс істеуі қажет деп есептейміз. Біз өздеріңіздің қолдауларыңызбен бар мүмкіндікті қарастыратын боламыз. Дәл қазір мамандардың жетіспеушілігі байқалып отырған жоқ»,-деді Дарын Шылбыұлы.
Жан-жақты талқыланған заң жобасына байланысты қосымша ұсыныстар мен өзге де өзекті дүниелер жұмыс тобының келесі отырыстарында да қаралып пысықталмақ.
ЖСДП баспасөз қызметі