Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал

Білім саласындағы жемқорлық

Тарихы терең білім ордаларындағы жомқорлық және бүлдіршіндердің тамағына таласқандар қазіргі таңда шәкіртке тұлға бола алмай жүр.

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әрекеті мектепке қарапайым еден жуушы, күзетші және аула сыпырушы болып жұмысқа тұрайын десе де жағасынан алып, тығырыққа тірейді. Ұстаз болып, шәкірт тәрбилеймін десе оның «ставкасы» бөлек әңгіме. Жоғары оқу орнын бітіріп, жұмыс жасағысы келетін жас маманның сағы сынып, осының кесірінен басқа салаға кетуге мәжбүр. Сөзіміз дәйексіз болмасын:

Осы жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы, бас бухгалтері және 24 мектептің бухгалтерлеріне жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін үкім кесті. Бұл бір аудандағы әшкере болған әрекеттердің бірі ғана.

Одан бөлек Білім ошақтарындағы бүлдіршіндерге берілетін ыстық тамақтың жағдайы да жиі сынға ұшырайды.

Үкіметтен бөлінген қаражатқа қианат жасап, қалталарыр толтыруда.

2023 жылы осы жемқорлықтың кесірінен 192 қылмыстық іс қозғалып, 13 миллиард теңге жымқырылған. Ірі жымқырулар Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында орын алды. Бұл жердегі жемқорлық схемасы 1 жылдық емес, ондаған жылдар бой жұмыс істеп келе жатқан үлкен бір жүйе. Себебі аудан деңгейінде қорықпай 1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырылып жатса, онда ол жүйенің сенімді серіктестері мен жылы жабасалатын жақтастарыда бар деген сөз.

Ұсыныстар мен талаптар: Осы ретте

  1. Есеп жүйлері арасындағы байланысты түзету; (бұл жердегі білім бөлімі басшысы, директор мен бухгалтердің арасындағы сыйбайластығын жою).
  2. Мектептерде мұғалімдерден қаражат жинау жүйесін жою керек «белгісіз фондтарға» керекті құрал жабдықтар аламыз деген бастамамен ақша жиналады. Негізінде білім ордасындағы керекті кеңсе тауарларына үкіметткен тікелей қаражат бөлінбей ме?
  3. Облыс, аудан, қала арасындағы бюджеттік жоспар мен бөліністің ашықтығы және осы жүйені цифрландыру арқылы ақпараттық ашықтықтың қол жетімділігін қамтамасыз етілуі тиіс.
  4. Еңбек ақыны есептеу және оны төлеу жүйесіндегі олқылықтарды реттеу және жергілікті жерлердегі білім саласындағы бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету.

Осы ұсыныстар мен талаптар ескеріледі деген сенімдеміз.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясы

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы