Аналардың мәселесі қашан шешімін табады?

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы кеңсесінде Орал қаласындағы жалғыз басты аналардың мәселесін шешуге атсалысу мақсатымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы жанынан ашылған «Отбасы» орталығы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Шынаргүл Тасболат, БҚО қоғамдық даму басқармасының азаматтық қоғамды дамыту бөлімінің бас маманы Арайлым Дүйсенова, мәслихат депутаты Мақсат Айсаутов қатысты.

Жиын барысында 41 жастағы мүгедек баласын бағып отырған ана Қарлыға Айтмағамбетова әкімдіктен ипотекаға жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеген үй берілгендігін жеткізіп, мемлекеттен тұруға лайық үй беруін өтінді. Сонымен қатар баласы суға батып кетті деген хабарды қыркүйек айында естігенімен, денесі қазан айында ғана табылып, жерленгенін айтқан Сәуле Мусина да сол кездегі әкімдіктің жіберген қателіктеріне шағымданды.

Сондай-ақ, Мария Жұбандықова бала кезінде бел омыртқасынан жарақат алып, алайда оны ұзақ жылдар ауруханада жатса да ешқандай емхана қызметкелері ешбір мүгедектің топқа қоспағанын, қаражат бөлінбегенін, үйінің жоқ екенін айтып шағымданды.

Отырысқа қатысқан құзырлы мекемелердің өкілдері көмекке мұқтаж жандардың әрқайсысының жанайқайына құлақ асып, осы аталған мәселерді өздерінің қызметі аясында шешуге бар күш-жігерін салатындарын жеткізді.

ЖСДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Смотрите также: