ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сыбайлас жемқорлық туралы бірнеше рет мәселе көтерді. Соңғы екі сайлау науқаны барысында біз осы жағымсыз құбылысқа белсенді назар аудардық.
Көптеген адамдар үшін сыбайлас жемқорлық – бұл уақытша нәрсе, тек белгілі бір қызметтер үшін шенеунікке ақша беру фактісі болып табылады деп ойлайды.
Бірақ объективті түрде қарасақ, сыбайлас жемқорлық – бұл бұзылып жатқан мектеп, аурухана, тұрғын үй кешені, жолдар және т.б. Сапасыз, аяқталмаған немесе мүлдем жоқ әлеуметтік инфрақұрылым объектілері.
Сыбайлас жемқорлық тек қана экономикамызға емес, жалпы қоғамға үлкен залал келтіруде.
Мұның бәрі сауатсыздықтың көрінісі емес, бұл ұрлық, схемалар, тайдырулар. Барлығы билік органдарынан бастау алып жатқаны жасырын емес.
Соңғы жағдайлар Қазақстан азаматтарын дүрліктірді. Талдықорған қаласындағы бухгалтер бюджеттен ақша ұрлау есебінен 2 млрд. теңгеге байыды. және тағы 14 пәтер табылды. Алматы қаласында «арт Спорт» жобасы бойынша бөлінген 20 млрд. теңгеден шамамен 2 млрд. теңгесі ұрланды.
Сыбайлас жемқорлықтың басқа да түрлері толып жатыр.
Мысалы, Астана қаласының әкімдігі технологияларды бұза отырып, сапасыз салынған өзінің 100 нысанын белгіледі. Бірақ бұл ойға сиымсыз факт. Шенеуніктің өзі Комиссия технологияның бұзылуымен, инженерлік желілердің жүргізілусіз салынған үйлерді қабылдағанын мойындап отыр.
Немесе жыл соңында емханаларда тегін медициналық препараттардың жоқтығы. Барлығы есептелгенімен және барлық пациенттер есепте тұрғанымен. Мұның бәрі қайда кетіп жатыр?
Айта берсек мұндай мысалдар өте көп!
Бірақ, шын мәнінде, сыбайлас жемқорлық сіз бен бізден тек қана ақша ұрлап отырған жоқ, сыбайлас жемқорлық уақыт пен болашақты ұрлап отыр. Атап айтсақ, біздің балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр.
Миллиардтарды ұрлағаны үшін адам 6 жыл алса, үш жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылса, бұл әділетті ме? Ал журналистік қызметпен айналысатын адам 9 жыл ала алады?
Бұл ретте, көптеген адамдар өздерінің ұрлаған байлықтарын көрсетуден ұялмайды. Бұл халыққа түкіру! Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ жауымыз!
Біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар үнемі жариялануда, бірақ біз олар туралы есепті көрмейміз.
Біздің шенеуніктер халықтың қызметшісі ретінде емес, қожайын ретінде әрекет етсе, ешқандай сәтті реформалар мен әңгіме болуы мүмкін емес!
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаттары келесіні талап етеді:
-
жыл сайын Парламент Мәжілісінің алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалардың орындалуы туралы есеп беру;
-
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайту және жою жөніндегі жоспарларды алдын ала жазбаша түрде ұсыну.
Құрметпен,Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары Н. Әуесбаев, А. Рақымжанов, А. Сағандықова, Н. Сайлаубай
Бірмандаттық округ депутаты Б. Базарбек
Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаты Г. Танашева