АЖАР САҒАНДЫҚОВА ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ РЕГРЕССНИКТЕРМЕН КЕЗДЕСІП МӘСЕЛЕНІ ПАРЛАМЕНТТЕ КӨТЕРЕТІНІН АЙТТЫ

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты ЖСДП фракция мүшесі Ажар Сағандықова, Жезқазғандық еңбек ардагерлерімен кездесіп, олардың өтініштеріне құлақ асты.

Жезқазған қаласына арнайы іс-сапармен барған мәжілісімен шахтада еңбек еткен ардагерлер, мүгедек жандар және регрессниктермен арнайы жолығып, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Халық қалаулысы өз кезегінде қабылданған заң жобаларының кесірінен қарапайым тұрғындардың зардап шегуіне жол берілмеу керектігін айтты.

Депутатпен кездесуге жналған көпшілік, ұсыныстары мен тілек арыздарын да ала келіпті. Сөз арасында азаматтар өздерінің зейнет жасына шыққанымен осы күнге дейін қызмет барысында алған мүгедектігіне байланысты өтемақыларын ала алмай жүргеніне налиды. Тіпті кейбіреулері өтемақыны ел үкіметі емес жұмыс беруші ірі кәсіпорындардан өндірген дұрыс деп санайды.

«Біз сізге өтінішіміз бен басымыздағы мәселемізді айтайық деп келдік. Сіз депутат ретінде біздің мұң-мұқтажымызды Президентке, Үкіметке жеткізеді деп ойлаймыз»,-дейді жиналған жұрт. Бір айта кететіні кездесуге келгендер өздерінің арыз-тілектерін қағаз бетіне де түсіріп, ЖСДП фракция мүшесінің қолына тапсырды.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также: