Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері жұмыс сапарымен Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі Өлеңті ауылына барды. Сапардың басты мақсаты партияның көмегіне жүгінген көпбалалы аналарға қолдау көрсету болды.
Сапар барысында көп балалы аналар тұратын жатақхананың жағдайына ерекше назар аударылды. Партия өкілдері тұру жағдайларына мониторинг жүргізіп, азаматтардың өтініштерінде көтерілген мәселелерді талқылау үшін әкімшілік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Сырым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Айболат Сахтаганұлы жақын арада Өлеңті ауылында жаңа жатақхана салу жоспарланып отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, тұрғын үй азаматтарға кезек тәртібімен берілетін болады, бұл барлық қажеттіліктерді ескеруге және әділ бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, сапар барысында көп балалы аналар санатты арттыруға өтініш берді. Бұл олардың баспана алу кезегін жеңілдетеді және осы отбасылар үшін өмір сүру жағдайларын жақсартады. Бұл шешім БҚОФ партия төрайымының ұсынысы негізінде қабылданды.
"Біз өз азаматтарымыздың мәселелерін шешу бойынша жұмысты жалғастырамыз және партиямызға деген сенімі үшін барлығына алғыс айтамыз. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыз өңірде өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі біздің күш — жігерімізде шешуші рөл атқарады,"- деп атап өтті ЖСДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілі.
Көп балалы аналарды қолдау және тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыс Батыс Қазақстан облысындағы ЖСДП қызметінің басым бағыты болып табылады. Сырым ауданына сапар азаматтармен тікелей өзара іс-қимылдың және олардың проблемаларын жедел шешудің маңыздылығын көрсетті.
Осындай сапарлардың арқасында партия жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді анықтап қана қоймай, оларды шешуге ықпал етіп, аймақтағы отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартады.