Белсенділер «Шымкент – жасыл қала» мәртебесінен айырылып бара жатыр деп алаңдаулы

Жасыл желек жамылған Шымкентте жыл сайын ағаштар қурап, көркінен айырылып бара жатқаны қала тұрғындарын алаңдатады. Алаңдататын да жөні бар. Былтырғы жылы этносаябақтағы қылқан жапырақты 700 ағаш қысқы аязға шыдамай үсіп кетіп, түбінен қырқылған. Ал Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 2 жарым мыңға жуық ағаш түгелдей қурап кеткен. Тағы 8 мың түп жасыл желек жартылай қурап тұр.

Сондай-ақ, «Шатқал» бағдарламасы аясында отырғызылған 5 мың түп түрлі ағаштың 90 пайызы қурап, жойылып кеткен. Бұдан бөлек қала ішінде, көше бойларында көктемей, жапырақ жая алмай қалғандары қаншама. «Шымкент – жасыл қала» деген мәртебесінен айырылып бара жатқанына алаңдаған қала тұрғындары Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалына арыз-шағымын арқалап келген еді.

‒ Жыл сайын қаламызда 200 мың түп ағаш егіледі екен. Бірақ олардың қаншасы өсіп-өнді? Қаншасы қурап қалды? Қурап қалғанына не себеп? Дұрыс күтім жасалды ма? Әлде, ол ағаш біздің климатқа, біздің жерге жерсінбеді ме? Белгісіз. Есеп беріп, түгендеп жатқан ешкім жоқ. Тек жыл сайын пәлен түп ағаш егілді деген ғана ақпаратты естиміз. Ары қарай олардың көктеп, өсіп-өніп кеткеніне көзіміз жетіп жатқан жоқ. Кей ағаштар біздің өңірдің ауа райына сәйкес келмейді. Оған да ешкім қарамайды. Әйтеуір әкеліп ексек болды дейді. Ал ол ағаш тамыр жая алмай, қурап қалып жатыр.

Сондықтан өсімдікті биолог, агроном сынды осы ағаштардың жай-күйін жақсы білетін мамандармен ақылдасып, отырғызса екен деген тілек бар, ‒ дейді қала белсендісі Алмасхан Еспаев.

Былтырғы жылы қаладағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасының мүшелері жаңадан бой көтеріп жатқан «Шымсити» шағынауданында егілген көшеттерді санап шыққан. Санап ғана қоймай, мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратпен сәйкестігін тексерген.

‒ Біз «Шымсити» шағынауданында 4 мың 762 көшет егілгенін санап шықтық. Оның 3700-і қурап тұр. Мұның себебі әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, бір қызығы, ұтып алған компаниялардың барлығымен мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт тікелей, ешқандай конкурс өткізбестен, бір көзден жасалған, ‒ дейді белсенді топ мүшесі Айжан Кесебаева.

Белсенді қала тұрғындары қаланы абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын, көшелердің тазалығын үнемі бақылауда ұстауды жалғастыра беретіндерін айтып отыр.

ЖСДП Шымкент филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.