Депутаттық саул Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Депутаттық сауалға Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы фермерлерінің «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ белгілеген астық сатып алу тетіктерін қайта қарауға қатысты өтініші себеп болды.

Фермерлердің ақпаратына сәйкес 2023 жылғы 5 желтоқсанда Азық-түлік корпорациясы 2023 жылғы егінді тікелей сатып алу туралы хабарлады.

Шарттардың бірі – Азық-түлік корпорациясы анықтаған астық қабылдау кәсіпорындарына астықты жеткізу. Сондай-ақ, классқа жатпайтын бидайды жеткізу кезінде әлеуетті Жеткізуші микотоксиндерді сынау хаттамасын ұсынуға міндетті.

Азық-түлік корпорациясы фермерлер мен Азық-түлік корпорациясы уәкілеттік берген элеваторлар арасында жасалған шарттарға қайшы келетін дәнді дақылдарды сатып алу параметрлерін жариялады. 2023 жылғы егіннің классқа жатпайтын астық бойынша Мемлекеттік стандарттарға сәйкес астық ылғалдылығы – 14 % құраса, 3 апта бойы егін жинау кезінде қатты жауын-шашын бола тұра, Азық-түлік корпорациясы ылғалдылықты 12% деп белгіледі.

Сондай-ақ, классқа жатпайтын астықты сынау хаттамасын талап етуде. Өз кезегінде фермерлер астықты элеваторға жеткізген кезде барлық сынақтардан өтетінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, бұл астық элеватордың қоймаларында басқа астықпен аралас сақталғандықтан, классқа жатпайтын астықты сынау хаттамасын жүргізу мүмкін емес.

Егін жинау компаниясы кезінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнген астық пайызы 17%-дан 63%-ға дейін болды, бірақ Азық-түлік корпорациясының нұсқауымен элеваторлар өнген астықты 100% жеткізді, нәтижесінде салықсыз 1 тонна үшін 50%-ға – 44 643 мың теңгеге және классқа жатпайтын астықтың салықсыз 1 тонна үшін 20%-ға – 62 500 мың теңгеге параметрлер қойылды.

Азық-түлік корпорациясы барлық уәкілетті элеваторларға мониторинг жүргізу кезінде алдын-ала барлығын біле отырып, келіп түскен астықтың көлемін және оның параметрлерін, атап айтқанда, дәннің сапасын, ылғалдылығын, глютенін, табиғатын, түсу санын және өнген астықтың пайызын біле отырып, дәннің ылғалдылығын 12% және өнген астықтың 100%-ын белгіледі. Бұл көптеген фермерлер үшін еңсерілмейтін жағдай жасады. Нәтижесінде астық Азық-түлік корпорациясының өзі үшін де қажет емес болып қалды. Бұл жерде сұрақ туындайды, осы параметрлер мен көрсеткіштер қандай құқықтық актіге негізделген?

Неге біз өзіміздің отандық тауар өндірушілерді, қарапайым шаруаларды қолдаудың орнына барынша кедергілер жасап отырмыз?

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Үкіметтен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ қызметін тексеруді, сондай-ақ астық сатып алудың белгіленген параметрлерінің заңдылығы мен орындылығын тексеруді сұраймын.

Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал- демократиялық партиясы фракциясының депутаттары
Н. Әуесбаев А. Рақымжанов А. Сағандықова Н. Сайлаубай

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы фракциясының депутаты
А. Зейнуллин

Смотрите также: