Қылмыстық кодекстегі 197-бап үшін Қазақстанда отын сататындардың бәрін қылмыскерлер қатарына жатқызуға болады. Бұл бап 2010 жылы мұнай өнімдерін ұрлаудың жолын кесу үшін енгізілген, бірақ іс жүзінде сыбайлас жемқорлыққа жол ашып берді. Себебі ол мұнай мен мұнай өнімдерін оның қайдан пайда болғандығын растайтын заңдық құжаттарысыз сатуға тыйым салады. Алайда бұл құжаттың қандай болуы керектігін ешкім білмейді.
Депутаттар неліктен Қылмыстық кодекстің жанармай тасымалдау бөлігіне түзетулер енгізуді ұсынып отыр?
Парламент Мәжілісінің ЖСДП фракциясынан депутаттары осы құқықтық олқылықты жоюға ниетті, өйткені заңгерлердің айтуынша, соның салдарынан кемінде 500 адам темір тордың ар жағынан бір-ақ шыққан. Оның ішінде мұнай өнімдерін сатумен заңды түрде айналысқан ЖК (жеке кәсіпкерлік) жүргізушілері де бар.
Қазіргі кезде Мәжілісте Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселесі бойынша заң жобасы қаралып жатыр.
Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубайдың айтуынша, бүгінгі таңда заң жобасымен айналысу бойынша 10-ға жуық жұмыс тобының отырысы өткізілді. Жақында ЖСДП-ның орталық кеңсесінде осы мәселеге қатысты дөңгелек үстел өтті.
Заңгер Әлия Елкенова хабарлағандай, ЖСДП депутаттары осы заң жобасына 10-ға жуық түзету ұсынып отыр, олардың бірі ҚР ҚК-нің 196-бабына қатысты, «197-бап. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу».
«Бұл бап 4 бөлімнен тұрады және 196-баптың диспозициясын толық қамтиды, осыған байланысты ЖСДП депутаттарының фракциясы КС қабылданған нормативтік қаулысының негізінде ҚР ҚК 196-бабы 3-тармағының 1-тармақшасынан «Мұнай және мұнай өнімдері» деген сөздерді алып тастауды ұсынады», – дейді Әлия Елкенова.
Депутаттардың сөзінше, Конституциялық Соттың 2023 жылдың 18 мамырындағы нормативтік қаулысында ҚР Қылмыстық кодекстің 197-бабының ҚР Конституциясына сәйкестігі қаралған. «Осы баптың Конституция нормаларына сәйкестігін қарау барысында, ҚК-нің даулы бабының конституциялылығын бағалау кезінде өзге де кемшіліктер анықталды. ҚР ҚК 197-бабы осы Кодекстегі қылмыстың басқа құрамдарымен бәсекелеседі – атап айтқанда, ҚР ҚК 196-бабы 3-тармағының 1-тармақшасымен», – деп түсіндірді заңгер.
Сарапшы тобының мүшелері 197-бапты толықтай қылмыссыздандырып, 196-баптағы «Мұнай және мұнай өнімдері» деген сөздерді қалдыруды ұсынды.
Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Қаржы мониторингі агенттігінің өкілімен осы мәселе бойынша сөйлескенін айтты.
«Бәлкім 196 бапты реформалаумен емес, күшімізді біріктіру арқылы 197 бапты Қылмыстық кодекстен алып тастауға қол жеткізу керек болар? Себебі құқық қолдану практикасында 197-бап бойынша кімнің меншігіне қарсы қылмыс жасалғандығы жайында мәліметтер жоқ.
Жәбірленуші де жоқ, заң бұзушылық та жоқ, мұнай мен мұнай өнімдеріне меншік құқығы да жоқ. Сөйте тұра, қылмыстың негізгі белгісі ретінде мұнайдың қайдан шыққанын растайтын құжаттардың болмауы ғана саналады. Іс жүзінде сотқа дейінгі тергеу органдары ешқашан мұнай мен мұнай өнімдерінің ықтимал иесін анықтауға тырысқан емес, сонымен қатар 197-бапта жазылған дүние қазіргі кездегі 196-бапта қамтылған», - деп түсіндірді ол.
Адвокат Дмитрий Куряченко бұл баптың кемшіліктері туралы жақсы білетінін жеткізді, өйткені ол әділетсіз жағдайда бас бостандығынан айырылған адамды қорғауға мәжбүр болған.
Ол Қазақстанда мұнай жеткізушілерге мұнайдың қайдан шыққанын растайтын құжатты міндетті түрде ұсыну талабы қойылмайтынына назар аударды.
«Мұнай өнімдерін тасымалдау, жеткізу, сатып алу және сақтау сияқты қоғамдық пайдалы іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі неде деген сұрақ туындайды? Өйткені бұл шаруаларды құжатпен немесе құжатсыз жасау қоғамдық қауіп төндірмейді. 197-бап пайда болғанға дейін мұндай әрекеттер ешқашан қылмыстық болған емес. ҚР аумағында мұнай мен мұнай өнімдерінің айналымына заңдар тыйым салмайды әрі шектемейді. Шектеудің өзі мүмкін емес, себебі бұл адамның да, қоғамның да, мемлекеттің де күнделікті өміріне қажет нәрсе. Ал ҚК-нің 197-бабы пайда болғалы бензин құтысын машинада тасымалдау немесе гаражда қауіп-қатерсіз сақтаудың өзі қылмыстық сипатқа ие болып отыр, өйткені мұнай өнімдерінің заңды пайда болғанын растайтын құжат жоқ, оның қандай болуы керектігі ешкімге белгісіз, ол жөнінде еш жерде айтылмаған», – деп атап өтті адвокат.
Оның айтуынша, Конституциялық Сот мұнай өнімдерінің шығу заңдылығын растайтын құжат оны сату, сатып алу, сақтау және т.б. құжаттар бола алатынын түсіндірген.
«Мұнай өнімдерінің айналымына қатысушылар бұл құжаттарды өздері жасайды, яғни бұлай ұрланған мұнайдың айналымын да жасауға болады. Мен құжат жасап аласың да, тасымалдай бересің. Мемлекет жеке компанияларға қылмыстық жауапкершілікке тартылу қауіптілігі бар осындай құжаттар жасауға міндеттеуге құқылы ма? 197-бапқа зер салсақ, ертең депутаттарға ұнды да тасымалдағаны, сатып алғаны, өткізгені, сақтағаны және өңдегені үшін қылмыстық іс енгізуді ұсынбақ, оған астықтың қайдан алынғандығын растайтын құжаты жоқтығы себеп болмақ. Сол сияқты көмір, қант, газдың шығу заңдылығына қатысты болады», – дейді Дмитрий Куряченко.
Ол 197-баптың қолданылуы бір отбасын қандай қайғыға душар еткенін мысалға келтірді. «Қазақстан азаматы Ержан Шәмиев 2014 жылдан бастап Павлодар, Қарағанды облыстары мен ШҚО арасында бензин тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызмет жүргізді. 2020 жылы 17 қарашада сағат 8:15-те оның үйіне қарулы Экономикалық тергеу қызметкерлері басып кіріп, әйелі мен бала-шағасының көзінше жерге жатқызып, қолын қайырып әкетті», - дейді.
Сот үкімінде сотталушылар 2018-2020 жылдары бензинді көтерме жеткізушілерден заңды түрде сатып алғаны белгілі болды. Үш ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) мен сегіз ЖК (жеке кәсіпкерлік) жүргізушілері, соның ішінде Шамиев ЖК, бензинді ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мекенжайлар бойынша жеткізді, бірақ тек Шамиев ЖК ғана жауапқа тартылды. Сондай-ақ, оған бензинді тасымалдағаны үшін кінә артып қойды, ал оның 80%-дан астамын өзі де білмейтін басқа ЖК мен басқа ЖШС жүргізушілері жүзеге асырған.
«Мұндай әділетсіздік, Шәмиевтің айтуынша, бұл істі тоқтату үшін жалғыз өзі пара бермегендіктен болып отыр. Ақыр аяғанда Павлодар қаласының №2 сотының төрағасы 2022 жылы 19 сәуірде бензиннің заңды меншік иелері мен тасымалдаушы Шамиевті бензинді оның заңды шыққанын растайтын құжатсыз тасымалдағаны үшін 197-бап бойынша 6 және 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, ал сотталғандарда нақты қандай құжаттар болмағанын үкімде көрсетпеген», - деді Дмитрий Куряченко.
Оның шығу тегінің заңдылығын растайтын құжатсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 197-бап бойынша сотталғандарда құжат үшін жоқ екенін көрсетпей, 6 және 4 жылға үкім шығарды.
Оның үстіне, сот заңды түрде сатып алынған мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттардың түпнұсқасын жоюға қаулы етті.
Бас прокуратура ҚР ҚК 197 бабының күшін жоюға қарсы емес
Бас прокурордың аға көмекшісі Руслан Тоқтағұлов дөңгелек үстел барысында қадағалау органы жалпы Қылмыстық кодекстің 197-бабын толығымен алып тастауға, яғни осы норманы қылмыссыздандыруға қарсылық білдірмейтінін атап өтті.
«Заңның айқындылығы бойынша конституциялық қағидат құқық нормалары азаматтар мен құқық қолданушылар үшін анық, түсінікті және болжамды болуын талап етеді. Егер заң шығарушы анықтамасы жоқ және құқықтық тәжірибеде көпшілікке белгілі емес терминді қолданса, онда ол жағдайдың белгісіз болып қалуына әкелуі мүмкін. Мұндай кезде құқық қолданушы мұны әртүрлі түсіндіруі мүмкін, ал бұл «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» еріктілікке жағдай жасайды», – деп атап өтті Бас прокурордың көмекшісі.
ЖСДП Баспасөз қызметі