ЖСДП Қостанай облыстық филиалы жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар арасында тікелей келісімшартқа тұру мен конкурстық рәсімдеуді айналып өту барысын анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына бақылау жүргізген болатын.
Нәтижесінде Қостанай ауданындағы ауылдарға су тарту мәселесінде кілтипанның барына назар аударып, елді мекендерге филиал мамандары арнайы барды. 2023 жылдың қазан айында Қостанай ауданының Мәскеу ауылында техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген болатын. Оны, Қостанай ауданының әкімдігі жариялады. Себебі ауылдық округте су құбырларын жүргізу бірнеше жылға созылып кеткен және мердігер ұйым өз ісін дұрыс атқармаған. Бір жылда жағдай қалай өзгерген және төтенше жағдайдың енгізілуі қандай нәтижелерге жеткенін анықтау басты мақсат болды.
Қәзіргі уақытта ауылға орталық су кіргенімен, құдықтын су ішетін тұрғындар да бар екен. Себебі су жүйесін үйге дейін тарту жұмыстары және оны іске қосуға ауыл тұрғындарының кейбірінің жағдайы келмей отыр. Ал суды үйге кіргізіп алғандар орталық суды тұтынуда. Үйге су тарта алмағандардың дені әлеуметтік осал топтағылар мен көп балалы отбасылар және қарттар. Орталық су беру жұмыстарын жүргізу бойынша тендерді "Bak Building" компаниясы жеңіп алған, ол жұмысты қысқа мерзімде аяқтауға уәде берді. Алайда, бүгінгі күнге дейін 35 абонент орталық су жүйесіне қосылмаған.
« "Bak Building" компаниясы осы жылдың қазан айының соңына дейін барлық абоненттерді, соның ішінде Мәскеу ауылын және Озёрное станциясын 100% орталық су жүйесіне қосу туралы уәде берді»,- дейді Мәскеу ауылдық округінің әкімі Әділхан Бағдатұлы.
Ауыл тұрғындарының көпшілігі орталық су жүйесін жасағаннан кейін мердігер компания көшелерді тегістеуге келгенде құлықсыздық танытып отырғанын айтады. Қазылып тасталынған жол дұрыс тегістелмей тұрғындардың жүріп-тұруына қолайсыз болып кеткен.
Әкімнің айтуынша, орталық су өткізу жұмыстары кезінде қазылған жолдар су жүйесі толықтай өткізілген соң, тұрғындардың ыңғайы үшін қайта жаңартылады екен.
«Халықты орталық су жүйесіне қосу мәселесі толықтай шешіледі, бірақ, биыл жолды жөндеуге үлгермейміз», — деді Мәскеу ауылдық округінің әкімі Әділхан Мұқанов.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы Мәскеу ауылының тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмай, белсенді түрде шешуге атсалысуда. Әлеуметтік әділеттік пен әрбір азаматтың лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету- партияның басты мақсаттарының бірі.
ЖСДП Қостанай облыстық филиалы