Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал

Көктем шығып, Ауылдағы ағайынның жұмысы көбейген кезде, көмекке келетін ауыл техникасының Бүгінде 80% пайызының тозығы келген. Оған қоса оның қыбатшылығы. Шетелден ауыр техника алып келетіндерге қойлытын талаптар тағы бар. Сөйтіп БИДАЙ мен ЕТІН мұхит асырып, шет елге экспорттайм деген ҚАЗАҚ арманы – АРМАНЫ күйінде қалатын сияқты.

Түрлі себебтермен ауыл техникасының қымбаттауының саны мынадай, 2 МЫСАЛ КЕЛТІРЕЙН:

  1. «Белерусь 80.1» тракторы 2019 жылы яғни 5 жыл бұрын 5.9 млн. тұрса – 2022 жылы ол 85% пайызға өсіп 11 млн теңгеге жеткен, қазір ол 8,7 млн теңге.
  2. Алыс шет елден келетін Джон Дир S 760 Комбайны 171 млн тұрса – небәрі 3 жылдың ішінде 272 млн қымбаттаған.

Біздегі қымбаттаған бағаның бұрынғы орнына қайта орнығуы екі талай өздеріңізде білесіздер. Ал Утиль алымдары мен алғашқы тіркеу салықтарыда ауыл шаруашылығы техникаларында айналып өткен жоқ. Жоғарыда айтылған ауыр техникалардың қымбаттауына тікелей себеб, осы алымдар.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша осы алымдарды айналып өту үшін, 413 жүк көлігін заңсыз тіркеген азаматтар мемлекетке 3 млрд 156 млн теңге шығын әкелген. Бұл тек ұсталғандары ғана, ұсталмағандары қаншама.

Одан бөлек бұл мәселені 2 палатада бірдей және бір жыл емес бір неше жыл болды көтеріп келе жатыр.

Жәнеде қазырғы ҚАР СУЫМЕН КҮРЕСУДЕ осы жаңа заманауи техникалардың ауадай қажет екенін барлықтарыңыз іштейде біліп отырсыздар.

Жалпы осы алымдардың елге тиімсіз екенін бұдан басқа қандай дәлел керек.

ОСЫҒАН ОРАЙ ҰСЫНЫС ПЕН ТАЛАПТАР:

  1. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне: Құрметті министр мырза Сіз аргумент ретінде айтып жүрген инвесторлардың жағдайы мен сол кәсіпорындарында қызмет ететін қаракөз азаматтардың құқықтарын қорғай отыра Жалпы осы шет елден келетін техникаларға салынатын утиль, алғашқы тіркеу т.б салықтарын алып тастауды және қайта қарастыруыңызды талап етеміз. Бұл біздің талабымыз емес халықтың талабы.
  2. Ауылшаруашылығы минитрлігіне: Делдалдарға жем болған шаруаларға арнайы әр өңірлерден ӨЗ ӨНІМДЕРІН ешқандай кедергісіз қабылдайтын пунктар болу қажет. Себебі өз өнімін жарты бағаға бересалатын қара шаруа, кредит пен лизингке алған техникасының қаражатын төлей алмай шаруашылығында сатып жатқан жайларыда бар ОЛХ-қосымшасын ашып қарасаңыздар да болады. Жәнеде шаруалар егіндерін жинап болғаннан кейін жылына бір уақыт сол өнімдерін кедергісіз тікелей шет елдерге экспорттауға рұқсат беру керек.

Президент өз жолдауында «Азық түлік келісім шарт корпорациясы»-ның негізінде фермерлердің өнімін сатып алудың вертикалды жүйесін құр деп тапсырма берген. Біршама уақыт өтті, соның нәтижесі туралы бір ақпарат жоқ. Сол бойынша есеп беруіңізді сұраймыз. Бұл жұмыста Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың тұрақтандыру қорлары бойынша жұмысы қайта қаралып, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы»-мен бірге ұйымдастырылуын талап етеміз.

Сөйтіп кеңестік одақта тумасақта, кеңестік қызыл Енесей комбайны мен сары К-700 тракторларын көріп өстік, ауылдарда әлі бар. 40 жыл болған техникалар бізге адал қызмет етті, енді бізге замнауи шаруаның қалтасы көтеретін ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА – ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР КЕРЕК! Осы ұсыныстар мен талаптар ескеріледі деген сенімдеміз.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясы атынан.

Смотрите также: