Құрметті отандастар, қымбатты қазақстандықтар!

Бүгін еліміздің тарихында ерекше айтулы күн. Осыдан тура 34 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен елеміздің егемендігі туралы Декларациясы қабылданған болатын. Бұл тәуелсіздік жолына басқан тұңғыш қадам болды.

1990 жылы 25 қазан күні, осы бір тарихи құжатқа қол қойылды. Осылайша еліміздің аумақтық тұтастығы нақтыланып, бөлінбейтін біртұтас ел екендігі шегенделді. Елімізде ғасырлар бойы мекен етіп келе жатқан халықтар мен олардың тіліне, мәдениетін дамытуына мүмкіндік беріліп, ұлттық бірегейлікті нығайту басты қағида етіп бекітілді. Осы күннен бастап Қазақстан барша мәселелерді өз бетінше тәуелсіз ел ретінде шеше алатындығын күллі әлемге паш етті.

Ендеше әрбір қазақстандықты Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елімізге тыныштық, баршаңызға амандық пен береке тілеймін.

«Республика» сөзі «қоғам үшін қызмет ету» деп аударылып, елді басқарудың демократиялық принциптеріне басымдық береді. ЖСДП-да бұл қағидатты толығымен қолдайды және демократиялық өрлеуді барша Қазақстандықтармен бірге құруды мақсат етіп келеді. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ЖСДП төрағасы

Асхат Рақымжанов

Смотрите также: