Ақтөбедегі экологиялық жағдай оңалмай тұр

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау қашанда өзекті. Әлемде қанша адам болса, сонша тұтынушы бар. Далаға тасталған әрбір қоқыс пен шығарылған қалдықтар экологиямызға үлкен зардабын тигізеді. Экологиялық ахуалды мейілінше тепе-теңдікте ұстау – қазіргі күннің басты талабы.

Ақтөбе қаласы – Қазақстанның барлық қаласының ішінде экология жағынан ең лас қалалардың бірі. Оған бірден бір себеп – қала ірі өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Соңғы бірнеше онжылдықта қала қарқынды дамыды, бірақ бұл өсу бірқатар экологиялық қиындықтармен қатар жүрді. Ақтөбенің экологиялық жағдайы – қарастырылуы шарт маңызды аспект. Мұндағы негізгі проблемалардың бірі – өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктен шыққан зиянды қалдықтар қаламыздың ауасын ластауы.

Соның ішінде «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» және «Ақтөбе жылу электр» акционерлік қоғамдары ауаны ластаушы басты көздерге айналды. Ақтөбе ЖЭО-ғы газбен және сұйық отынмен жұмыс істейді. Осының салдарынан 70% азот қышқылы ауаға тарайды. Бұл ауадағы ауыр металдар мен басқа ластаушы заттардың концентрациясының жоғарылауына әкеледі, ал бұл қала тұрғындарының денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Тағы бір ірі ластаушы көз – «Ақтөбе хром қосындылар зауыты». Зауыттан атмосфераға шығарылатын 80% газ күйіндегі көмірқышқыл газы тұрғындардың денсаулығына, сонымен қатар коршаған ортаға орасан зор зардап әкеліп отыр.

Су ресурстарының жағдайы да маңызды мәселеге айналып отыр. Қала маңындағы өзендер де мөлшерден тыс қосқыс пен заттардың қалдықтарының салдарынан ластанып жатыр. ластанған өзендердің бірі – Елек өзені.

Тағы бір ескеретін мәселе қоқыстарды өңдеу және сұраптау болып отыр. Ол үшін инфрақұрылымның жеткіліксіздігі полигондарда қалдықтың көп жиналуына әкелуі мүмкін, ал бұл қоршаған ортаға зиян тигізетіні анық. Қалада 1987 жылы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалануға бергенімен, жобасыз жасалған полигон талаптарға сай жұмыс жүргізбей жатқаны мәлім болды. Осы мәселерді шешу арқылы ғана экологиялық ахуалды реттейміз.

Ол үшін не істеу керек? Біріншіден, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында таза, тиімдірек технологияларға көшу ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуы мүмкін. Екіншіден, энергия тұтынуды азайту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу ауа мен су ресурстарының ластануын азайтуы мүмкін. Үшіншіден, қалдықтарды жинау және өңдеудің тиімді жүйелерін әзірлеу әрі енгізу қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайтуы ықтимал. Төртіншіден, табиғи ресурстарды қорғау, яғни экожүйелерді, ормандарды, су ресурстарын және биоәртүрлілікті қорғау аймақ экологиясы үшін өте маңызды.

Бесіншіден, білім беру және ақпараттандыру – білім беру науқандарын өткізу және қоғамды қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы хабардар ету адамдардың мінез-құлқының өзгеруіне ықпал етуі мүмкін. Алтыншыдан, экологиялық стандарттар мен заңнаманы енгізу – қатаң экологиялық ережелер қабылдау және сақтау ахуалды жақсартуға септігін тигізуі мүмкін. Жетіншіден, халықаралық ынтымақтастық – көрші елдермен және аймақтармен тәжірибе алмасу экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы

Смотрите также: