Утилалым салығы жаңа техника алуға қолбайлау болып тұр

Бүгінгі таңда шалғайдағы елді-мекендердегі шаруашылық техникасының 80% пайызының тозығы жеткен, сондай-ақ, бидай мен етін мұхит асырып, шет елге экспорттайм деген жұртқа жаңа техника бағасының қымбаттығы қолбайлау болып тұр. Бүгін бұл мәселені депутат Наурыз Сайлаубай Мәжілістің жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жолдаған депутаттық сауалында айтты.

‒ «Беларусь 80.1» тракторы 2019 жылы, яғни 5 жыл бұрын 5,9 млн теңге тұрса, 2022 жылы 85% пайызға өсіп, 11 млн теңгеге жеткен, қазір оның бағасы – 8,7 млн теңге. Алыс шет елден келетін Джон Дир S 760 комбайны 171 млн тг тұрса, небәрі 3 жылдың ішінде 272 млн теңгеге қымбаттаған.

Біздегі қымбаттаған бағаның бұрынғы орнына қайта орнығуы екі талай екенін өздеріңіз де білесіздер. Ал утильалымдары мен алғашқы тіркеу салықтары ауыл шаруашылығы техникаларын да айналып өткен жоқ. Жоғарыда айтылған ауыр техникалардың қымбаттауына тікелей себеп – осы алымдар, ‒ деп атап өтті мәжілісмен.

Оның айтуынша, Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша осы алымдарды айналып өту үшін 413 жүк көлігін заңсыз тіркеген азаматтар мемлекетке 3 млрд 156 млн теңге шығын әкелген. Бұл тек ұсталғандары ғана, ұсталмағандары қаншама деген депутат аталған алымдардың елге тиімсіз екеніне назар аудартты.

‒ Құрметті министр мырза (Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев), сіз аргумент ретінде айтып жүрген инвесторлардың жағдайы мен сол кәсіпорындарында қызмет ететін қаракөз азаматтардың құқығын қорғай отыра, сізден шет елден келетін техникаларға салынатын утильалым, алғашқы тіркеу және т.б салықтарды алып тастауды немесе оны қайта қарауыңызды талап етеміз, ‒ деді Наурыз Сайлаубай.

Бұдан соң Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа қарата сөйлеген халық қалаулысы делдалдарға жем болған шаруаларға әр өңірден өнімдерін ешқандай кедергісіз қабылдайтын арнайы пункттер болуы қажеттігін атап өтті.

‒ Себебі өз өнімін жарты бағаға бере салатын қара шаруалар несие мен лизингке алған техникасының қаражатын төлей алмай, шаруашылығын да сатып жатқан жайы бар. ОЛХ-қосымшасын ашып қарасаңыздар да болады. Сондай-ақ, шаруалар егінін жинап болғаннан кейін оларға жылына бір уақыт астығын кедергісіз тікелей шет елдерге экспорттауға рұқсат беру керек. Президент халыққа жолдауында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясының» негізінде фермерлердің өнімін сатып алудың вертикалды жүйесін құр деп тапсырма берген. Біршама уақыт өтті, алайда оның нәтижесі туралы бірде-бір ақпарат жоқ. Сол бойынша есеп беруіңізді сұраймыз. Бұл кезекте Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тұрақтандыру қорлары бойынша жұмыс қайта қаралып, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен» бірге ұйымдастырылуын талап етеміз. Сөйтіп, Кеңестік одақ кезеңінде тумасақ та, кеңестік қызыл Енесей комбайны мен сары К-700 тракторларын көріп өстік, ауылдарда әлі бар. 40 жыл болған техникалар бізге адал қызмет етті, енді бізге Жаңа Қазақстанда шаруаның қалтасы көтеретін жаңа заманауи техникалар керек! ‒ деп кесіп айтты депутат.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.