ЖСДП Абай облысында өрттен қаза болған қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтады

Абай облысында тұтанған өрттен 3 қызметкер қаза тапты, қазір орман шаруашылығының тағы 11 қызметкері іздестіріліп жатыр.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы тілсіз жаудың салдарынан қайтыс болған 3 қызметкердің отбасы мен туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтады. Сонымен қатар із-түссіз жоғалған 11 қызметкердің аман-есен табылуына және өрттің тезірек ауыздықталуына тілектес.

Партия алапат өрттен зиян шеккен өңір халқына қолдан келген көмегін көрсетуге даяр. Ол үшін ЖСДП-ның Абай облыстық филиалының төрағасы Рүстем Сармановқа хабарласа аласыздар: 8 701 783 62 39

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі мен департаменттің жедел желісі жұмыс істеп тұрғанын, көмекке психологтар жұмылдырылып отырғанын хабарлаймыз: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

Смотрите также: