ЖСДП «Қазақстан» шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы кеше Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында орын алған өрт салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып шығуын тілейді.

Елімізді алаңдатып отырған бұл қасіретті жағдайға ұзақ жылдар бойы кеншілердің еңбек құқығы мен шахтада техника қауіпсіздігінің сақталмауы алып келген болуы мүмкін.

Атап өту керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Смотрите также: