15 сәуірден, яғни бүгіннен бастап Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының «Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жинау бойынша республикалық штабы» құрылып, Астана қаласы Шевченко көшесі 10/1 мекенжайында, 203 кеңсесінде (ЖСДП-ның Астаналық филиалының кеңсесі) гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмыс істей бастады.
Бұл туралы ЖСДП орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов өңірлердегі филиалдардың басшыларымен өткізген кеңес барысында айтылды. Сонымен қатар, су басқан немесе қар суының және басқа да ағын судың салдарынан су басу қаупі бар өңірлердің филиалдарына бірқатар тапсырмалар берілді. Мәселен, оқиға орнына бару және жергілікті азаматтардың хал-жағдайын білу, көңілі алаң болып отырған халыққа дұрыс ақпарат жеткізу, қажетті керек-жарақтар жайында хабар беру және т.б.
Атап өту керек, қазіргі таңда су тасқынын зардабын тартып отырған өңірлерде мына заттарға: құтқару кеудешелері, резеңке етіктер, фонарьлер, қайықтар, термиялық киім-кешек, суға арналған костюмдер, гигиеналық керек-жарақтар мен азық-түлікке қажеттілік туындап отыр.
ЖСДП баспасөз қызметі