Алапат өрт салдарынан болған адам шығынына байланысты қырғыз әріптестердің көңіл айту хаты

Қырғыз Республикасының «Социал-демократ» саяси партиясының Төрағасы Темірлан Сұлтанбеков ауқымды орман өртіне байланысты қазақ халқына көңіл айтты.

«Адам шығынына әкелген қайғылы жаңалықты үлкен азаппен қабылдадым. Туыстары мен жақындарынан айырылғандардың қайғысына ортақтасып, барлық зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектеспіз», - деп атап өтті ол Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжановқа жолдаған хатында.