1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігі (әрі қарай мәтін бойынша – партия) Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасымен 2006 ж. 10-қыркүйегінде құрылды.
1.2. Партияның мемлекеттік тілдегі атауы:
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігі»;
Партияның ресми тілдегі атауы:
«Республиканское общественное объединение «Общенациональная социал-демократическая партия».
Қысқаша атауы – «ЖСДП», «ОСДП».
1.3. Партия мемлекеттiк билiктiң өкілді және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың органдарына азаматтардың, әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатындағы саяси еркін бiлдiретiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi.
1.4. Партия мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болады және әрекет етеді.
1.5. Партия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңына, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Партияның Жарғысы мен бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.
1.6. Партия занды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда Партия органдары арқылы ұсынылады, оның құқықтық қабілеттілігі мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады.
1.7. Партияның дербес балансы, банктерде есептік және басқа да шоттары, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі бар.
1.8. Партияның орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, пошталық бөлім индексі: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жаңгелді көшесі, 19 үй, 33 кеңсе.
2. ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Партия қызметі еріктілік, тең құқықтылық, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптеріне негізделеді. Партия қолданыстағы заңмен белгіленген шектеулерді қоспағанда, ішкі құрылымын, мақсаттарын, қызметінің нысандары мен әдістерін еркін түрде анықтайды.
2.2. Бағдарлама мен осы Жарғыда көзделген мақсаттары мен міндеттерін іске асыру Партия қызметінің мәселелері болып табылады.
2.3. Партияның мақсаттары:
ұлттық сана-сезімінің өсуіне дем беру;