«Статкевичке бостандық немесе Беларусь билігінің «құлағына алтын сырға»

Беларусь еліндегі президенттік сайлау нәтижесі, сол елдің нақты әлеуетін көрсете білді. Қарапайым шаруалардың алдында өзінің беделін көтеруге тырысқан Беларусь билігі саяси дода басталар басталмастан бұрын, президентке ұсынылған кандидаттар мен оның жақтастарын жаншуға алдына жан салмағанын білеміз. Ол елде бірнеше айға созылған наразылық митингілер болғанына қарамастан, ел билігі халық үніне құлақ аса қоймады.

Ең сорақысы, Беларусь билігіне қарсы саяси оппоненттерге қатысты репрессиялық жаза қолдануы, бұл елде демократиялық құндылықтардың сақталатынына үлкен күман келтіреді. Осы жылдың желтоқсан айында Беларусь соты Социалистік интернационал ұйымының мүшесі, «Народная Грамада» саяси партиясының жетекшісі Николай Статкевичті жабық есік сот отырысында 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкіміне дейін 565 тәулік бойы қамауда отырған Статкевичке ешқандай дерлік құқықтық қорғану мүмкіндігі де берілмеді. Статкевичпен бірге, саяси режимге оппозиция ретінде танылған өзге де белсенділер әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Социалистік интернационал мүшесі болып табылатын «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» да өзінің белоруссиядағы әріптесі «Народная Грамада» партиясының жетекшісі Николай Статкевич мырзаның тоталитарлық жүйе құрбаны болғанына алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар, саяси жүйе Николай Статкевичке және өзге де саяси белсенді азаматтарға қатысты шыққан үкімдерді қайта қарап, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге шақырады. Өзінің азаматтық ұстанымы бар белсенді азаматтарды қудалауға ұшыратқан белорусияның қазіргі саяси режимі саяси тұтқындарды босатуы тиіс.

Мирамбек Камалов, ЖСДП Төрағасының орынбасары