Авторитаризмнің басқа кейіпте ұзартылуына жол бермеу!

Біздің партия Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік қызметінен отставкаға кету шешімін дұрыс деп санайды.

Біз оның жеке билігін бейнелейтін режимі Қазақстанды әлеуметтік, экономикалық, саяси тығырықтан шығаруға, уақыт қиындықтарына жауап беруге, елімізді тұрақты, шынайы заманауи, және егеменді даму жолына бағыттайтауға түбегейлі қабілетті емес екеніне сенімдіміз.

Сонымен қатар, біздің партия осының барлығына Қазақстанның нақты, жан-жақты және қайтымсыз жаңаруын, бірінші кезекте саяси жүйенің демократияландыру шарттары орындалғанда ғана қол жеткізуге болады деп санайды.

Бұл – жеке тұлғалардың билігін мықты демократиялық институттарымен алмастыру, саяси бәсекелестікті еңгізу, азаматтардың саяси құқықтарын толық жүзеге асыру, Қазақстанның болашағы туралы кең талқылау және оларды тиімді жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды жасау болып табылады.

Бүгін, еліміз өз тарихының тағдыршешті сәтін бастан кешкенде, осындай батыл жаңарту үшін бірегей мүмкіндік пайда болды.

Сондықтан да, біз Нұрсұлтан Назарбаевқа өз жауапкершілігінің барлық шараларын сезініп, халықтың шыдамын тоздырмауды, авторитарлық билік режимін басқа кейіпте жалғастырмауды, атап айтқанда, президенттікке өзінің қуыршақ мұрагерін ұсынудан бас тартуға үндеу саламыз. Осындай жағдайдың дамуына жол бермеу барлық қазақстандықтар үшін бұл айрықша маңызды міндет!

Еліміздің болашағы үшін әделетті президент және парламент сайлауын өткізіп, саяси жүйені конституциялық демократияландыру бойынша билік пен қоғамның жалпыұлттық диалогын бастап, транзиттік кезеңде және одан кейін қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.