Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының жаңа құрамына мүшелерді енгізу, биліктің "сайлау циклін" кезекті жең ұшынан жалғасқан, көзбояушылық әрекеттерге айналдырып отырғандығы туралы мәлімдейді.
2018 жылдың 30 қарашасынан бастап жергілікті мәслихат сайттарында саяси партияларға, ағымдағы жылдың 20-желтоқсанына дейін өз үміткерлерінің жаңа құрамын ұсыну керектігі жайлы хабарламалар жариялана бастады. Қазақстанда учаскелік сайлау комиссияларының жалпы саны 10 мыңнан асады. Саяси партиялар жаңа құрамға ену үшін, әр үміткер жазбаша келісім т.б. көптеген құжаттар толтыруы тиіс, алайда бұл жүмыстарға тек 11 жұмыс күні беріліп отыр.
Осыған қатысты, бізде мынадай сұрақ туындап отыр – неге, Мәслихаттар мен Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларының аяқталу мерзімі 2019 жылдың бірінші тоқсанында бола тұра, осы процеске қатысушы саяси партияларды өте асықтыруда.
Бұл ретте 2014-2015 жылдардағы жағдай еске түседі, еліміздің мәслихаттары "ҚР Сайлау туралы" заңының 10 бабы 3 тармағын өрескел бұзып, ЖСДП-ның ұсынған 3 мыңнан астам үміткерлерін толығымен өткізбей тастады. Партияның бұл заңсыздық туралы шағымдары ҚР Жоғарғы соты тарапынан да ескерусіз қалды. Бүгінгі жағдайда, билік халықтың саясатқа қатысу құқығына, елдегі азаматтық және саяси бәсекелестікке заң жүзінде кедергі келтіре отырып, Қазақстандағы жалғыз оппозициялық ЖСДП партиясының бұл бағыттағы ұстамдарын өзгертуге ниетті.
Билік және оның сайлау комиссияларындағы қуыршақтары сайлау процесін толығымен жоққа шығарып, оппозиция мен азаматтық қоғамның сайлауға бақылау жүргізу және өз ойымен ұстанымын жеткізу мүмкіндіктерінен айырды. Осыған орай, ЖСДП биліктің заңсыз әрекеттерін заңдастыруға және олардың кез келген құйтырқы әдістеріне қатысудан үзілді-кесілді бас тартады. Осыған байланысты біздің партия ҚР сайлау комиссияларының жаңа құрамына өз үміткерлерін ұсынудан бас тартатындығын мәлімдейді.
Билік ашық және әділетті сайлау процесін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды орындаған жағдайда ғана ЖСДП сайлау комиссияларының сайлауына қатысады:
1) Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мен Орталық сайлау комиссиясының «тәуелсіз» мәртебесін заңды түрде қамтамасыз етуін;
2) "ҚР Сайлау туралы" заңына сәйкес сайлау комиссияларының құрамында барлық саяси партия өкілдерінің міндетті түрде болуын және олардың құрамына билікке жағымсыз саяси партиялардың орнына, өздеріне бағынышты қоғамдық ұйымдарды енгізуді тоқтатуын;
3) Мәслихаттарды қалыптастыру жүйесі, қазіргі таңда партиялық принциптер бойынша жүзеге асырылғандықтан, олар билеуші партияның толық «қолшоқпарына» айналатын болады. Осы мәселені ескере отырып, сайлау комиссияларының құрылу барысына мәслихаттардың қатысуын тоқтатып, оны толығымен Орталық сайлау комиссиясына жүктеуді талап етеміз. Бұл - Орталық сайлау комиссия тарапынан сайлау комиссияларының жұмысын нақты қадағалау мен жауапкершілік приципін орнатуға жол ашады.
4) Мемлекеттік қызметлерлер мен бюджеттен қаржыландырылатын мекеме мамандарын сайлау комиссияларының құрамына қатыстырмай, олардың саясиазаматтық ұстанымдары мен құқықтарына қысым жасамай, өздерінің қызметінен тыс міндеттерден арылтуды талап етеміз.