ЖСДП ПОЗИЦИЯСЫ

Қазақстан-Қытай шекарасын кесіп өткен және Қазақстаннан саяси баспана сұраған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының ісінде күрделі, шимай-шатпағы көп жағдай қалыптасты. Қазіргі кезеңде тергеу амалдары аяқталып, алдағы уақытта істі сотта қарайды.

Қазақстанның қолданыстағы заңы бойынша тергеу мен сотқа ешкімнің араласып, қысым көрсетуіне жол берілмеуі тиіс. Алайда мемлекеттік органдардың кейбір өкілдері соттың алдағы ісін еркін түсіндіріп, істің қалай шешілуіне әсер етуге әрекет жасады. Қастер мен Мұрагерді соттағы дау-дамай күтіп тұр.

Біз, Сотты істі Қазақстан ратификациялап қол қойған құжаттардағы халықаралық қағидалар мен нормаларды сақтай отырып, объективті және риясыз қарауға шақырамыз.

ЖСДП бұл істі бақылауға алады деп мәлімдейміз!