Біздің партия 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда өткен кезектен тыс президенттік сайлау ел тұтқасы қолында тұрған биліктің, «Ауру қалса да әдет қалмайды» дегендей, тұтас елімізді әдеттегідей ызалы күлкілі қарекетке, жаңа бұрмалаушылықтар мен қойылымдар алаңына айналдырған, елімізді демократия мен қазіргі саяси үрдістердің шеткі аймағына ысырған саяси науқан болды деп есептейді.
Осы орайда біздің пайымдауымызша, «Ақиқат» партиясының бойкот жариялап, нәтижесі алдын ала белгілі болған ондай сайлауды заңдастырмау жөніндегі шешім қабылдауға қиын болса да әбден дұрыс екені айдан анық! Осының бір көрінісін атап өтсек, ол біздің партиямыздың байқаушылары сайлау учаскелеріне барып анықтаған ондаған (көптеген) заңбұзушылықтар. Партия өзінің еріктілеріне олардың үлкен әрі қайырымды жұмысы үшін алғысын білдіреді!
Біз биліктің кандидатына қарсы, Қазақстан авторитаризмін жаңа пердеге салып оның жолын жалғастыруға қарсы дауыс берген қазақстандықтардың барлығына ризамыз!
Дәлірек айтқанда, жеке адам билігі режимінің одан әрі жалғасуына жол бермеу, саяси жүйені демократияландыру «Ақиқат» партиясының ең маңызды мақсаттарының бірі болып табылады! Осы мақсатты көздеген біздер өзіміздің бірден бір оппозициялық партиямызды жетілдіру ісін жалғастырып, оған жаңа бір импульс беріп, түптеп келгенде саяси күрестің, әсіресе Парламент үшін, ең жаңа әрі тиімді құралын жасауды жалғастыратын боламыз.
Біз жаны ашыған қазақстандықтардың барлығын, еліміз үшін өмірлік маңыздылығын түсіне білген жастарды осындай бірлескен жұмысқа қатысуға шақырамыз!
Қызметтестер, достар, біздер демократтық жолмен ойланатын қазақстандықтардың алдында қиын заман тұрғанын түсінеміз. Аяқ астынан тез жеңіс болады деп уәде бере алмаймыз. Біздің жақтаушы және қолдаушы азаматтарға одан да қиын болуы мүмкін. Алайда біз «Ақиқат» партиясына жақын жүрген азаматтың жүрегінде зая жұмсалған күштің, сезімнің және өкініштің ешуақытта болмауына бар күш-жігерімізді саламыз.
Халық сайлауға қатысқан күні Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында митингілер өтті. Бейбіт жолмен және қарусыз ереуілге шығу құқығына Қазақстанның Ата Заңында кепілдік берілген. Алайда билік бәз баяғыдай халық еркінен қорқып, күш қолданады және азаматтарды тоқтатып, тұтқынға алу жөнінде шешім қабылдайды. Түптеп келгенде, митингілерге тікелей қатысқандар ғана емес, сол жерде аяқ астынан болғандар да ұсталды. Ондай оқиғалар елімізде көп болды.
Ақиқат» партиясының пайымдауынша, осындай қамауға алу немесе ұстау көріністері, уақытша ұстау және тергеу изоляторларына, абақтыларға қамау өз халқына жасаған тікелей қиянат.
Біз тұтқындалғандардың барлығын тез арада босатуды талап етеміз!
Біз ашық сот арқылы анықтауды талап етеміз және Қазақстанның бейкүнә азаматтарын тұтқынға алуға қатысқан барлық адамдарды жазалауды талап етеміз!