ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжановтың мәлімдемесі

Бүгінгі таңда короновирус індетін жұқтырғындар саны 35 екені анықталды.

Бұрын біз әлемде болып жатқан түрлі апаттарды тек сырттай бақылап келдік. Оларды талқылап, әлдебір түпкі себептері мен салдарларын іздедік, сондай астан-кестен өзгерістерді әлем тұтқасын ұстаған алпауыттар өз пайдасына айналдыруы ықтималдығын сараладық. Ал енді Қазақстан мен оның халқы әр адамның өміріне қауіпті COVID-19 вирусымен бетпе-бет келді. Бұл жұқпалы аурудың алдында жас пен кәрі, бай мен кедей, шенеунік пен азаматтық белсенді барлығы тең.

Мен және партия белсенділері COVID-19 вирусының пандемиясымен күресу үшін мемлекет жариялаған Төтенше жағдайдың қажеттілігін толықтай түсінеміз. Қазақстанда бұндай жағдай бірінші рет болып тұр.

Вирустың таралуын азайту және оның келеңсіз салдарларын тежеу үшін белгілі бір шаралар жүргізіліп, оны тоқтатудың амалдары жасалып жатыр. Біз бәріміз бұл шаралардан оң нәтиже күтудеміз. Бірақ, егерде әрбір қазақстандық өзінің осы іске ортақтастығын көрсетпесе, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Кез келген саналы әрекеттің көрініс табуы, жақындарына көмек көрсету, жай ғана басқаларға дұрыс жөн сілтеу – бұл вируспен күреске қосылған үлес болып шығады.

Барлық азаматтарды үрейге бой алдырмай өзінің отандастарымен тізе қоса қимылдауға шақырамын. Өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығын сақтап қалу үшін бар болғаны айқын жазылған осы жұқпалы дерттің алдын алу шараларын ұстану жеткілікті. Егер ауру жұқтыру ықтималдығын жою мүмкіншілігі болса, соны жасаңыз. Орынсыз тәуекел жасау бекер болып шығуы мүмкін.

Әдетте осындай сын сағатта қауіпке қарсы тұру үшін ұлттың бірігуі жазылмаған заңдылық. Біздің елдің коронавирусты аластап, қалай болса да төтенше жағдай режимінен өтіп, өз күшіне және жаңару мүмкіндігіне деген жаңа сенім арқалап шығатынына сенімдімін! Тек бірге болғанда ғана біз беріспейміз және жеңіске жетеміз!