Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Төралқасының Мәлімдемесі

Кеше Ресей Федерациясы біздің халқымызға достық және бауырлас Украинаға қарсы "арнайы әскери операциясын" бастады. Бұл нағыз соғыс. Украинаның бейбіт қалаларын атқылап, бомбалап басып алып, адамдарға тек уайым мен қайғы әкелуде. Басталған соғыстың салдарын болжауға келмейді. Не болары белгісіз.

Біз украин халқын ресейлік агрессияға қарсы күресте қолдаймыз және бүкіл әлемдік қауымдастықты, соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату үшін бар күш-жігерін салуға шақырамыз.

Біз украин халқына қиын кезеңдерді абыроймен өткізуді және мызғымас күш пен батылдық тілейміз. Біз барлық адал және әділ адамзаттың қолдауымен соғыс тоқтатылып, агрессор жазаланып, әділеттілік қалпына келтіріліп, Украина қайтадан еркін елге айналатынына сенімдіміз.

Біз Қазақстан Республикасының басшылығына Ресей Федерациясының әділетсіз агрессиясына саяси, әскери немесе экономикалық қолдау көрсетпеуіне үндеу жасаймыз.

Сонымен қатар, біз ресейлік әріптестеріміз, біздің партиямыз сияқты Социалистік Интернационал халықаралық ұйымының мүшесі – «Справедливая Россия – Патриоты – За правду» Ресейдің Парламенттік социалистік саяси партиясына және оның төрағасы С.Мироновқа Ресей Федерациясының саяси басшылығын барлық әскери әрекеттерді дереу тоқтатып, соғысқа жіберілген әскерін өз аумағына қайта кіргізуге ұсыныс жасауына үндеу жасаймыз.

Социал-демократияның негізгі қағидаларының бірі - зорлық-зомбылықты қолдануға қарсы щығу және де кез-келген қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу. Сіз де, біз де осы ұстанымдарға берік болуымыз керек.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Төралқасы

25 ақпан 2022 жыл.