Жаңалықтар

Поделиться

Құрметті партия мүшелері мен жақтастары, қадірлі үзеңгілестер! Еліміздің азаматтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арманы, баға жетпес сый, олжа, өзінің еңбегімен және алға ұмтылуымен халықтың жақсы жағын бекіте түскен, ата-баба арманын туған жерде іске асырып жүрген барлық қазақстандықтарға берілген ең жоғары марапат!

Бұл ұлы мереке біздің партиямызға да, еліміздің әр азаматы әлдеқашан уақыты келген Тәуелсіздік жемістерін көруін іске асыру үшін жаңа жұмыстар жасауға шабыт береді. Жемістер дегеніміз іс жүзінде лайықты өмір сүру, жаппай молшылық, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды толықтай қамтамасыз ету. Ар мен ақиқат, бостандық пен әділдікті көздеген Ұлттық рухтың асқарларын бойға сіңіру және үлес қосу.

Осы құндылықтарға бет алған ЖСДП өз жолында бостандық пен тәуелсіздік кезеңіне аяқ басты. Күрделі жағдайға түскен сәтте біз, партияның социал-демократиялық кіршіксіз идеяларына бет бұруы, жеке адамның амбициясы мен жеке ойларынан жоғары тұратынына бірінші және соңғы рет нүкте қойдық. Біздің барлық істеріміз бұл идеялардың қазіргі Қазақстан үшін ең көкейкесті, ең нәрлі, ең дұрыс екенінен ауытқымағанымызды дәлелдейді.

Тәуелсіздіктің ұлы күші азаматтардың жүрегіне от салып, халықтың ең асыл арман-тілектерін осы өмірде іске асыру үшін дамудың ең таңдаулы жолына алып шығатынына сенімдімін!

Сіздерге құт-береке, бақыт, табыс, үміттеріңіздің ақталуын тілеймін! Ортақ үйіміз Қазақстан гүлденіп, жайнай берсін!

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов