Жаңалықтар

Поделиться

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Төралқасының 2022 жылдың 5 маусымында өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум бойынша мәлімдемесі

Халқымыздың Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумда дауыс беретін күні жақындап келеді. 33 бапқа 56 түзетудің еңгізілуі 1995 жылдан бастап Конституциямыздың алтыншы өзгерісі болайын деп тұр. Біз әрқашан да конституциялық реформалар жүргізудің қажеттілігін айтып келеміз. Конституциялық жобаға еігізілген түзетулер, оның ішінде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауын аралас жүйеде өткізу, Конституциялық сот туралы және әкімдерді тікелей сайлау сияқты ұсынымдар партиямыздың бағдарламасында жазылған.

Осы орайда біз Қазақстанға өзгерістер қажеттігін мәлімдейміз. Елімізге қабылданатын заңдарға ықпал ете алатын және оған құқығы бар азаматтар қажет. Мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты, халық қалауын биліктің бірден-бір көзі ретінде көрсетуі керек.Билік азаматтарына есеп беруге міндетті. Конституцияда бір ғана мемлекет басшысы орын алуы тиіс. Ол – Қазақстан халқы! Сондықтан біз Н.Назарбаевтың мәртебесі туралы норманы ҚР Конституциясынан алып тастауды қолдаймыз.

Еңгізіліп отырған толықтырулар мен түзетулер ата-заңымызды түбегейлі өзгерпегенін көріп отырмыз, өйткені, президенттік басқару жүйесі өзгеріссіз қалып отыр.

Сонымен қатар, референдумның өтуі кезінде дауыс беру әдісінің өзі үлкен алаңдаушылық туғызуда. Ұсынылған 56 түзетудің бәріне бірден дауыс береді. Қазірдің өзінде халық арасында түсініспеушілік байқалады. Түзетулердің кейбір бөлігін қолдаса, кейбірене қарсы. Ал бұндай азаматтардың саны басым болады. Біздің ойымызша, мұндай жағдай билік ұсынылған түзетулер бойынша халықпен кең талқылау жүргізбегендіктен туындайды. Ал оны 16 наурызда Президент Қ. Тоқаевтың өзі мәлімдеген болатын.

ЖСДП тек осы түзетулермен шектелмей, Конституцияға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін талап етеді:

1. Елордамызға «Астана» атауын қайтару.

2. Парламенттің жоғарғы палатасы – Сенатты тарату.

3. Сот жүйесіне судьяларды сайлай отырып, олардың қызметтерiнiң Қазақстан халқы алдында есеп беруi мен ашықтығын қамтамасыз ететін реформаларды жүргiзу.

Астаналық филиал

site Астана қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Астана қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыздар

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов