2026 жылғы 6 қаңтарда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Алматы облыстық филиалының бастамасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Рақымжанов Капшағай су қоймасының жағалауында №6 жағажай аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесуге ЖСДП өкілдерінен бөлек Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Баекенов Камбар мен №6 қалалық жағажайда қызмет жасайтын кәсіпкерлер де келді.
Шара барысында жағажай маусымы аяқталғаннан кейін кәсіпкерлер өздері тап болған жүйелі мәселелерді айтып жағдайды қарауды өтінді. Шағын және орта бизнес өкілдері алдағы маусымға жер учаскелері мен сауда орындарына жалдау шарттарының жасалмауына байланысты жұмыс орындарын жоғалту қаупі бар екенін айтуда. Осыған сай алдағы уақытқа кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мүмкін еместігі туралы алаңдап отырғандарын жеткізді.
Талқылау барысында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердиханов кәсіпкерлермен бұған дейін де бірнеше мәрте кездесу өткізгендігін айтты. Оның сөзінше қалалық жағажай қайта жаңғыртылғаннан кейін барлық қолданыстағы кәсіпкерлер өз орындарына қайта оралып, қызметтерін жалғастыра алатыны жөнінде ресми түрде уәде берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан жалдау шарттарын 5 жылдан кем емес ұзақ мерзімге жасасу ұсынылды. Бұл ұсыныстар кәсіпкерлік ортаның тұрақтылығы мен инвестициялық болжамдылық қағидаттарына сәйкес келетіні айтылды және аталған бастамалар қала әкімі тарапынан қолдау тапқаны көрсетілді.
Алайда, берілген жария уәделерге қарамастан, осы уақытқа дейін №6 жағажай кәсіпкерлерімен бірде-бір жалдау шарты жасалмаған. Құжаттардың болмауы кәсіпкерлерді заңды түрде қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырып, құқықтық айқындық қағидатының бұзылатындығын жеткізді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік шиеленіске әкеліп соғуы да ықтимал.
Өз кезегінде мәжіліс депутаты Асхар Рақымжанов,- қалыптасқан жағдай Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған нормаларына, сондай-ақ адалдық, құқықтық тұрақтылық және мемлекеттік органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан бизнестің жағдайын нашарлатуға жол бермеу қағидаттарына қайшы келетінін атап өтті.
ЖСДП уәкілетті мемлекеттік органдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне құқықтық баға беру қажеттігін мәлімдеп, төмендегі мәселелер бойынша табанды түрде жұмыс жүргізуді жергілікті әкімдіктен талап етті.
Атап айтқанда, Қонаев қаласы әкімдігі тарапынан бұрын берілген ресми уәделердің орындауды; Кәсіпкерлермен жалдау шарттарын экономикалық тұрғыдан негізделген және ақылға қонымды мерзімге жасасуды; Сауда және жер учаскелерін негізсіз әрі еркін қайта бөлудің алдын алуды; Шағын бизнес мүдделеріне әсер ететін шешімдердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді. Партия Қонаев қаласының кәсіпкерлерін қорғау мақсатында парламенттік, құқықтық және қоғамдық тетіктерді одан әрі қолданатын болады.
ЖСДП Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі