Қостанайда инфрақұрылымға қоғамдық мониторинг жүргізу басталады

2026 жылғы 19 қазанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы «Инфрақұрылым – жаңа әлеуметтік келісім» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесу «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының өңірде жүзеге асырылу барысын қоғамдық бақылау мәселелерін талқылау және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты жүйелі жұмысты бастау мақсатында өткізілді.

Кездесуге Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары Роман Рудников пен "АдалДосПревенция" ҚБ төрағасы Асет Байлин арнайы келді.

Талқылау барысында жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелерінің жай-күйі, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың шынайлылығы, бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуы және тұрғындардың мүддесін қорғаудағы қоғамдық бақылаудың рөлі сөз болды. 2025–2029 жылдарға жоспарланған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы елдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға, желілердің тозуын азайтуға және коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруға бағытталған ұлттық жоба айналасында талқылау жүргізілді.

Филил төрағасы Дамир Джакановтың айтуынша, ауқымды инвестициялардың өзі халықтың өмір сапасының жақсаруына еш күмәнсіз түрде кепілдік бермейді. Сондықтан жобалардың тиімділігін бағалау кезінде бөлінген қаражаттың көлемімен қатар, оның қаншалықты нәтижелі пайдаланылғанына назар аудару қажет.

«Біз инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігін қолдаймыз. Алайда ауқымды инвестициялардың өзі адамдардың өмірін жақсартуға кепілдік бермейді. Бұл мәселеде жұмысқа қанша қаражат бөлінгені ғана емес, оның қаншалықты тиімді жұмсалғаны және қоғамның қандай нақты нәтиже алғаны ескеру керек», – деп атап өтті филиал төрағасы.

Дөңгелек үстелде қоғамдық мониторингтің бірнеше негізгі бағыты айқындалды. Олардың қатарында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету, құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын бағалау, белгіленген мерзімдердің сақталуын бақылау және жаңғыртудың тұрғындар өміріне әсерін анықтау бар. Атап айтқанда, электр және жылу желілерінің, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің, газ инфрақұрылымының, жолдар мен басқа да коммуналдық нысандардың жай-күйі назарға алынады. Қостанай облыстық ЖСДП филиалы инженерлік инфрақұрылымның жай-күйіне қоғамдық мониторинг жүргізу, тұрғындардың мүддесін қорғау және ұлттық жобаның өңірде тиімді жүзеге асырылуына ықпал ету бағытындағы жұмысын бұдан әрі де жалғастыра береді.

ЖСДП Қостанай облыстық филиалы Ермуханова Гульжихан