Қостанай қаласының орталық алаңында сайлауалды науқан аясында ЖСДП-ның Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Социал-демократ: бұл қалаға жаңа суперқаһарман керек» атты үгіт-насихат материалдарын тарату промо-акциясы өтті.
Шараның басты ерекшелігі – филиал белсендісі Мейрамбек Досаевтың социал-демократ суперқаһарман бейнесінде жұртшылық алдына шығуы болды. Мұндай ерекше формат қала тұрғындарының назарын өзіне бірден аударып, оларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылауға белсенді тартуға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында 150-ден астам ақпараттық парақша таратылды. Қала тұрғындарына ЖСДП-ның «Прогреске бастар 20 белес» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелері, сондай-ақ әлеуметтік-демократияның басты қағидаттары – әлеуметтік әділдік, мүмкіндіктер теңдігі және азаматтардың мүдделерін қорғау мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Тұрғындарға арнаған сөзінде әлеуметтік-демократ бейнесіндегі акция қатысушысы – суперқаһарман былай деп мәлімдеді:
«Мен – социал-демократ суперқаһарманмын! Мен жемқорлыққа қарсымын! Мен олигархияның зәресін алатын қаһарманмын! Мен әлеуметтік теңсіздікті жек көремін! Мен әділдікті, тең мүмкіндіктерді және әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қолдаймын!»,– деп сөзін аяқтады.
Бұл бейнені шараны ұйымдастырушылар әділ әрі халық алдында есеп беретін билік, әлеуметтік әділдік және азаматтардың мүдделерін қорғау жолындағы күрестің символы ретінде пайдаланды. Шара қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды: олардың көбі акцияға қатысушылармен пікір алмасып, суретке түсті, партия бағдарламасы туралы сұрақтар қойып, аймақ пен ел дамуының болашағына қатысты өз ойларын ортаға салды.
Дәл осы күні Құрылтай депутаттығына кандидат Дамир Жақанов та Қостанай тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен кездесу барысында ол партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, алдағы дауыс берудің маңыздылығын атап өтті:
«Бүгінгі шараның мақсаты – партияның ұстанымын қаланың әрбір тұрғынына қолжетімді әрі түсінікті тілмен жеткізу. Социал-демократ суперқаһарманның бейнесі біздің мемлекетті қалай көретінімізді көрсетеді: біз оны жекелеген ықпалды топтардың емес, азаматтардың мүддесіне бағытталған, әділ әрі халық алдында есеп беретін мемлекет ретінде көргіміз келеді», – деп атап өтті кандидат.
Ол сондай-ақ Қостанай тұрғындарын 2026 жылғы 23 тамызда өтетін дауыс беруге қатысуға шақырды: «Партия сайлауға «Прогресс жолындағы 20 белес» атты нақты бағдарламамен түсіп жатыр. Бүгін қала тұрғындарына таратылған әрбір ақпараттық материал – азаматтарды партияның ұстанымымен таныстыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлшегі. 23 тамызда Қостанай тұрғындарының әділдік пен лайықты болашақты таңдауға мүмкіндігі болады. Баршаңызды дауыс беруге қатысуға және бұл таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамын», – деп сөзін түйіндеді.
ЖСДП Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметі