Республика күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні – еліміздің қалыптасу жолындағы тарихи таңдауын айқындаған, тәуелсіздікке бастар жолдың негізін қалаған маңызды мереке. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация халқымыздың санасына тәуелсіз ел деген ұғымды орынықтырып, ел болашағына деген сенімді нығайтты. Бұл күн – ұлттық бірлігімізді бекем етіп, мемлекеттігіміздің әр қадамын қадірлеуге дәріптейтін ерекше қасиетті күн. Бүгінгі таңда біздің басты міндетіміз – тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, әділетті қоғам қалыптастыруға күш салу. Елімізде тұрып жатқан әр азаматтың құқығын қорғау, халықтың әл-ауқатын арттыру. Еліміздің күші мен қуаты – ынтымағында, болашағы – бірлігінде, ал дамуы – әділет пен жауапкершілікке негізделген ортақ міндетте жатыр. Ендеше осынау бір айтулы мерекеде баршаңызға амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілейміз! Қазақстанның аспаны әрдайым ашық болып, халқымыз бейбіт күндерде өмір сүрсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен молшылық орнасын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болғай!

Ізгі тілекпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия