Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова, Ақтау қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «СК-А-Строй» ЖШС-гіне барды.
«СК-А-Строй» ЖШС теңіз суын сүзгіден өткізіп, Ақтауға жібереді. Екі жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған зауыт, алдағы уақытта қалаға су беру көлемін тәулігіне 5000 текше метрден 8000 текшеге жеткізуді көздеп отырған көрінеді. ЖСДП депутаты мен партияластарды қарсы алған зауыт директоры Бекболат Қазақбаев, алдымен мұндағы алып сүзгілер мен сорғылардың жұмыс істеу тәртібімен таныстырды.
«Былтырғы жылы біздің зауыт Ақтау қаласына 1 млрд 790 мың шаршы текшеметр ауыз су жеткізген. Есеп бойынша қалаға қажетті судың біздің зауыт 20%-ын жауып отыр. Алдағы жоспарда бұл көлемді ұлғайту мақсаты тұр. Енді зауыттың теңіз жағасына жақын жерге салынуы теңіз суын тасымалдап қосымша шығынды азайту есебі көзделген. Зауыт соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Барлық қажетті жабдықтар дер кезінде қамтамасыз етіліп жатыр»,-деді.
ЖСДП депутаты теңіз суын сүзгіге дейінгі жеткізілу процессін көру үшін тереңдігі 4 метр болатын арнайы қазылған канал мен тоғандарды да аралап көрді. *«Тоғандарды таза ұстау қажеттілігі өте маңызды. Соған сәйкес сүзгілердің де жұмысы дұрыс жолға қойылуы міндетті. Білгім келіп тұрғаны зауыт мамандармен толық қамтылғанба және мұндағы сүзгілер қанша уақытта ауыстырылып тұрады?»,-деп сұрады.
Зауыт басшысы депутаттың бұл сауалына толыққанды жауап бере келе мұнда мамандар жеткілікті екенін айтты. «Біздің зауытта сүзгілерді әр екі жылда бір рет ауыстырып отырамыз. Ал арасында істен шыққандары болса қалпына келтіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп тұрады»,*-деді зауыт басшысы.
Одан бөлек Мәжіліс депутаты зауыттың зертханасын да аралап, мұндағы мамандардан су сапасына байланысты да ақпараттарды сұрап білді.
«Каспи теңізінің арғы жағалауындағы кейбір елдерде мұнай қалдықтары теңіз бетіне жайылып кетіп жатқан жағдайлар кездесуде деген ақпарат бар. Ол жақтағы мұнай қалдықтары біздің жағалауға жетуі мүмкінбе? Және тұшы судың сапасын қандай мөлшерлеме арқылы анықтап отырсыздар. Мүмкіндік болса көрсетсеңіздер»,-деді.
Зауыт зертханасының меңгерушісі Светланна Османқызы мамандармен бірге сүзгілердің әрқайссысынан алынған сынамаларды депутатқа көрсете отырып су тамшыларын тәжірибеден өткізді.
«Сүзгіден өткен судың сынамалық көрсеткіші мен оның лайлығы 01 не 1 сынамалық көрсеткіштен аспауы керек. Егер көрсеткіш бұдан асып кеткен жағдайда су ішуге жарамсыз болып есептеледі. Бұл жерде біз судың тұздылығынан бөлек оның құрамын зерделеудің алғашқы сатыларын анықтап отырамыз. Күрделі тексерістер әр үш күн сайын үлкен зертханаларға жіберіледі. Ал сіздің сұрағыңыз бойынша айтатын болсам, теңіздің арғы жағалауында мұнай қалдықтары болғанымен ол біздің жағалауға жетпейді. Мұнай су бетіне түссе болды сүзгілер сол сәтте өз жұмысын автоматты түрде тоқтатады, не бірден істен шығады. Сондықтан біз сыртқа канал қазып су жинау тоғандарын қойдық. Бұл төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді»,-деді зертхана меңгерушісі.
Су тұшыландырғыш зауыттқа қажетті жағдайлар мен өзге де мәселенің бар-жоғын сұраған депутатқа мекеме қызметкерлері жауап бере келе, тек басты мәселе Ақтау қаласы мен теңіз жағалауындағы зауыттқа келетін жолдың машақаты ауыр болып тұрғанын жеткізді.
ЖСДП баспасөз қызметі