Бүгінде Семей көшелеріндегі қоғамдық көліктің жадайы тұрғынның жүйкесін әбден жұқартып отыр. Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу мақсатында ЖСДП Абай облыстық филиал белсенділері арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізді.
Өкінішке орай, жиналған мәліметтер мен жүздеген шағымдар халықтың шыдамы таусылуға шақ қалғанын дәлелдеп отыр. Жүргізілген сауалнама барысында түйткілді жағдайларға да куә болдық дейді белсенділер.
1- Автобус күтуден адамдар әбден қажыған;
Аялдамада сағаттап тұру Семей тұрғындары үшін үлкен азапқа айналған. Автобустардың бекітілген кестемен жүрмеуі мәселесіне назар аударып жатқан ешкім жоқ. «Қажетті маршрутты күтумен уақытымыз зая кетіп жатыр»,-дейді тұрғындар. Тіпті қоғамдық көліктердің кестеге сай жүрмеуі кесірінен тұрғындар жұмыстан жиі кешігетін болған. Ал балалардың сабаққа дер кезінде жете алмауы тіпті әдетке айналғалы қашан?
2- Автобусқа симай қалып қоя береміз;
Сауал жүргізу барысында тұрғындар сарылып ұзақ уақыт күткен автобустарына сыймай қалып қоятынын айтып шағымданды.
Мұндай кез таңертең мен кешкі уақытта ұдайы қайталанады. Әупірімдеп жүріп табанымыз көлік салонына өткенімен ол жерде ине шаншар орын болмайды. Қатты қысыламыз,-дейді тұрғындар. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы туралы ереженің өрескел бұзылып отырғанын көрсетеді.
Тағы бір айтатыны, түстен кейін қала көшелерінде көліктер саны күрт азаятынын байқадық. Жүргізушілер жаппай түскі ас ішу үшін үзіліске кеткенде, қаланың тынысы тіптен тарылады. Бұл — логистикалық жүйенің ақсап тұрғанының айқын дәлелі. Кездесіп пікір алған қала тұрғындарының айтуынша қалалық авто парктерде көлік саны мүлде аз көрінеді. Сондықтан аралық жүру уақыты мүлде сақталмайтын көрінеді.
Біз бұл мәселеле бойынша сауалнама ғана өткізіп қоймай, жауапты тұлғалардың назарына нақты деректерді жеткізуді мақсат тұтамыз. Қаланың тамыры іспеттес көлік жүйесі осылай жүйесіз кете берсе, халықтың наразылығы өрши бермек. Сондықтан, жергілікті билікті бұл түйткілдерді жойып, шұғыл шара қолдануға шақырамыз.
Біз үшін әрбір тұрғынның жайлылығы — басты орында!
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыстық филиалы Хозаев К.Н.