«Жайлы аула – қауіпсіз қала»: ЖСДП Атырау тұрғындарымен сайлауалды кездесу өткізді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясында Атырау қаласының тұрғындарымен «Жайлы аула-қауіпсіз қала» атты кездесу өткізді. Кездесуде қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Кездесу барысында азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аула аумағын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын ретке келтіру, жарықтандыруды жақсарту, тазалықты сақтау және қаланың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

«Азаматтардың басты қажеттіліктерінің бірі—баспана. Тұрғын үйдің жайлы, ауланың қауіпсіз болуы маңызды шарттар. ЖСДП Атырау облыстық филиалы өздеріңіз білетіндей бұл бағытта өздеріңізбен бірлесе үлкен жұмыстар жасады. Партияның сайлауалды бағдарламасында да қолжетімді баспана, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы нақты ұсыныстар қаралған. ЖСДП-ның сайлау бюллетеньіндегі №2, бізге дауыс беріңіздер. Бұған дейін көтерілген мәселелер назарға алынып, азаматтарға жайлы тұрмыс ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады»,-дейді ЖСДП Атрау облыстық филиалының төрағасы әрі ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Нұрайнаш Балтабайқызы.

ЖСДП өз бағдарламасында тұрғын үйді азаматтардың негізгі әлеуметтік құқығы ретінде қарастырады. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттау мақсатында партия тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, көппәтерлі үйлерді басқарудың ашықтығын арттыруға және тұрғындардың құқықтарын қорғауға басымдық береді. ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Нұрайнаш Камалова қатысушыларға қауіпсіз әрі жайлы қала қалыптастыру үшін аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді дұрыс ұйымдастырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау қажеттілігін атап өтті.

ЖСДП Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметі