Жастар прогресті таңдайды

ЖСДП Ақтөбе филиалы би флешмобын өткізіп, «Прогресс жолындағы 20 белес» бағдарламасын таныстырды.

Ақтөбе, 12 тамыз. Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Ақтөбе облыстық филиалы партияның Жастар қа-натымен бірлесіп, ауқымды көше үгіт-насихат акциясын өткізді. Шара-ның басты оқиғасы – серпінді би флешмобы болды. Ол позитивті атмо-сфера қалыптастырып, жүздеген қала тұрғындарының назарын аудартты.

Ағымдағы сайлауалды науқан аясында партия халықпен байла-ныс орнатудың әртүрлі форматтарына басымдық беріп отыр. Бел-сенділер, үгітшілер және Жастар қанатының мүшелері жарқын мәлім-демелерден кейін жұмысты бірден «ашық микрофон» және тікелей жүздесу форматында жалғастырды. Қала тұрғындарымен кездесу барысында партияның «Прогресс жолындағы 20 белес» сайлауалды бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бастамалармен танысуды барынша қолайлы ету үшін Ақтөбе тұрғындарына бағдарламаның негізгі тезистері мен арнайы QR-коды бар ақпараттық буклеттер таратылды. QR-кодты сканерлеу арқы-лы кез келген азамат құжатпен тікелей өз смартфонынан толық таныса алады.

«Біз үшін тек саясат төңірегінде құрғақ сөз айту емес, халыққа, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жақын болудың заманауи, түсінікті де жанды жолдарын табу өте маңызды, – деді ҚР Құрыл-тайының депутаттығына кандидат Аружан Әленова. Сол себепті біз жұмыстың әртүрлі форматтарын: дәстүрлі ашық кездесулер мен диалогтардан бастап, осындай креативті жастар бастамала-рына дейін қолдануды жалғастырамыз. Бүгін ақтөбеліктердің флешмобты зор қызығушылықпен тамашалап, ақпараттық мате-риалдарды ықыласпен алғанын және бағдарламамыз төңірегінде сұрақтар қойғанын көрдік. Бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқаны-мызды дәлелдейді».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үгіт-насихат акциясы жылы әрі позитивті атмосферада өтті. Қала тұрғындары партияның саяси ұсыныстарына жоғары қызығушылық танытып, белсенділермен пікір-таласқа белсенді араласты. ЖСДП ашықтық, шығармашылық және тікелей диалог арқылы азаматтарды елдің саяси өміріне тарта отырып, үгіт-насихаттың дәстүрлі емес тәсілдерін одан әрі дамытуды көздейді.

ЖСДП Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметі