2026 жылғы 12 маусымда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл облысы, Меркі ауданында «Жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары: грант бар, нәтиже қайда?» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.
Жастарды жұмыспен қамту: грант бар, нәтиже қайда? Меркі ауданындағы ашық диалогтың қорытындысы 2026 жылғы 12 маусымда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл облысы, Меркі ауданында «Жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары: грант бар, нәтиже қайда?» тақырыбында жастармен кездесу өткізді. Іс-шараға жастар ұйымдарының өкілдері, жас кәсіпкерлер, студенттер, жұмыс іздеуші жастар, қоғам белсенділері және аудан тұрғындары қатысты. Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, кәсіпкерлікті қолдау тетіктері, гранттық қаржыландырудың қолжетімділігі және еңбек нарығындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік қолдау мен нақты нәтиже арасындағы байланыс
Кездесу барысында жастар мемлекеттік қолдау шараларының бар екенін атап өткенмен, олардың нақты нәтижелілігі мен қолжетімділігіне қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жастар гранттық бағдарламалар туралы ақпараттың жеткіліксіздігі, өтінім беру кезінде кездесетін қиындықтар, жобаларды сүйемелдеу тетіктерінің әлсіздігі және қаржыландырылған жобалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Көп жағдайда жастар үшін басты мәселе – тек қаржылай қолдау алу емес, сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, тұрақты табыс көзіне айналдыру болып отыр.
Меркі ауданының тұрғыны Диана Қанатқызы «Жастар үшін қазіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі – тұрақты жұмыс табу және өз кәсібін бастауға мүмкіндік алу. Мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар мен гранттар қарастырылғанын білеміз, алайда көптеген жастар олардың шарттары мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ала бермейді. Осындай кездесулер жастарға өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алуға мүмкіндік береді. Әсіресе грант алғаннан кейін жобаны дамытуға бағытталған қолдау мен кеңес беру жұмыстары күшейсе, жастар үшін үлкен көмек болар еді», – деді.
Жастар кәсіпкерлігіне жүйелі қолдау қажет
Кездесу барысында жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Себебі шағын кәсіп бастау – жастардың экономикалық белсенділігін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қатысушылар жас кәсіпкерлерге бизнес-жобаны дайындау, қаржылық сауаттылықты арттыру, нарық жағдайына бейімделу және жобаны ұзақ мерзімді дамыту бағыттарында кешенді қолдау қажет екенін атап өтті. Жастарға тек бастапқы қаржылай мүмкіндік беру жеткіліксіз. Олар үшін жобаны іске асыру кезеңінде сүйемелдеу, тәжірибелік кеңес және кәсіби бағыт-бағдар маңызды.
ЖСДП-ның Жамбыл облыстық филиалының маманы Әбдиев Еркін Қайырбекұлы «Жастардың көтеріп отырған мәселелері – қоғам үшін маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі тек бөлінген қаражат көлемімен емес, оның нақты нәтижесімен бағалануы тиіс. Сондықтан жастардың ұсыныстарын тыңдап, олардың мәселелерін жүйелі түрде көтеру – партияның басты ұстанымдарының бірі. Бүгінгі кездесу барысында айтылған ұсыныстар жинақталып, тиісті мемлекеттік органдардың назарына ұсынылады. Жастардың еңбек нарығында өз орнын табуына және кәсіп бастау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмыстар жалғаса береді», – деді.
Еңбек нарығы мен жастар мүмкіндігі.
Кездесуде жастардың алған мамандығы мен еңбек нарығындағы сұраныстың сәйкестігі, кәсіптік бағдар беру жұмыстары және тәжірибеден өту мүмкіндіктері де талқыланды. Қатысушылар жастарға сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беруді күшейту, кәсіби дағдыларды дамытуға жағдай жасау және ауылдық жерлердегі жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше назар аудару қажет екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған бірнеше ұсыныс әзірленді. Әзірленген ұсыныстар қатарында: • жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейту; • гранттық бағдарламаларға қатысу тетіктерін түсіндіру; • жастар жобаларын іске асыру кезінде сүйемелдеу жүйесін жетілдіру; • ауыл жастарына кәсіп бастау мүмкіндіктерін кеңейту; • мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелілігіне қоғамдық бақылау жүргізу тетіктерін дамыту бағыттары қамтылды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, олардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін арттыру және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жетілдіру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
ЖСДП Жамбыл облыстық филиалы