Жезқазғанда ТҮКШ және көгалдандыру саласының қызметкерлерімен ашық диалог өтті

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» (ЖСДП) республикалық қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облыстық филиалы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы(ТҮКШ) және қаланы көгалдандыру және дамыту қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу партияның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.

Конструктивті диалог барысында қатысушылар саланың ең өзекті мәселелерін талқылады. Коммуналдық сала мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жұмысты ұйымдастырудағы жүйелі қиындықтарды атап өтті. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша нақты ұсыныстарын білдірді.

Талқылаудың негізгі тақырыптары мыналар болды:

• Еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктер: сала қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекақыны әділ төлеу және жұмыс жағдайын жақсарту; • ТҮКШ жүйесінің тиімділігі: шаруашылықты басқару тәсілдерін жаңарту және ашықтықты қамтамасыз ету; • Мемлекетпен өзара іс-қимыл: уәкілетті мемлекеттік органдар, мамандар мен қоғам арасындағы диалогты дамыту. Кездесуге қатысушылар түйткілді мәселелерді шешу тек қосымша қаржыландыруды емес, сонымен бірге жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды талап ететінін атап өтті.

Барлық келіп түскен түскен ұсыныстар ЖСДП Ұлытау облыстық филиалымен жүйеленіп, тиісті бастамалар дайындау үшін пайдаланылады. Ең маңызды ұсыныстар ТҮКШ және қалалық ортаны дамыту саласындағы шешімдерді қабылдау кезінде ескеру үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жолданады. ЖСДП өңірдегі тиімді әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қалыптастыру мақсатында әртүрлі саланың еңбек ұжымдарымен осындай ашық кездесулер өткізуді әрі қарай жалғастырады.

Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметі