Жалпыұттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Қарағанды облыстық филиалы аутистік спектрі бұзылған (АСБ) балаларды және олардың отбасыларын қолдау саласындағы партияның сайлауалды бастамаларын талқылауға арналған сараптамалық-диалогтық кездесу өткізді.
Ашық пікірталасқа ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары, бейінді мамандар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сарапшылар қоғамдастығы, сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрлан Кәкімұлы Әубәкіров қатысты. Кездесудің басты мақсаты инклюзивті ортаны дамыту, сапалы білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ АСБ диагноз бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау жүйесін институттандыру мәселелерін ашық көтеру болды.
Іс-шараға саланың жетекші сарапшыларының қатысуы ерекше маңыз берді: • Ілияс Жанғали — Құрылтай депутаттығына кандидат, ЖСДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы, инклюзивті қоғам мәселелері бойынша ҮЕҰ республикалық слетін өткізу бастамасының авторы; • Нурия Балтабайқызы — Құрылтай депутаттығына кандидат, «Autism Kazakhstan» Ұлттық қауымдастығының төрайымы.
Сарапшылардың тәжірибесіне сүйене отырып, ЖСДП жүйелі өзгерістерге бағытталған бірқатар басым бастамаларды ұсынды:
- Ерте анықтау және көмек: аутистік спектрі бұзылған балаларды ерте анықтау және мерзімді түзету-дамыту.
- Кадрлық және білім беру әлеуеті: Инклюзивті білім беру әдіснамасын жетілдіру және арнайы мамандарды даярлау бағдарламаларын кеңейту.
- Институттық қолдау: Аутистік спектрдің бұзылуы мәселелері жөніндегі республикалық ресурстық орталық құру.
- Заңнамалық реформалар: Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны және мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру.
- Қолжетімді орта: Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және мемлекет ұсынатын әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру.
- Әлеуметтік-мәдени инклюзия: Қоғамда толеранттылықты, құрмет пен түсіністік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыру.
«Әрбір Қазақстан азаматының білім алуына, дамуына, жұмысқа орналасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына тең мүмкіндіктері бар инклюзивті қоғам құру — партиямыздың басты басымдығы. Нәтижелі қолдау мемлекеттің, сарапшылардың, ҮЕҰ мен отбасылардың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Тек тікелей диалог арқылы ғана біз заңнамалық деңгейдегі тиімді шешімдерді әзірлей аламыз», — деп атап өтті кездесуге қатысушылар.
Талқылау қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар мен сараптамалық ұсынымдар ЖСДП-ның Құрылтайдағы партиялық бастамалары мен заң жобаларының негізін құрайтын болады.
ЖСДП Орталық сайлау штабының баспасөз қызметі