ЖСДП Ақмола облыстық филиалына жаңа төраға сайланды

2025 жылғы 13 маусымда ЖСДП Ақмола облыстық филиалында партия филиалының конференциясы өтіп, жаңадан филиаль төрағасы сайлады.

Іс-шара партияның өңірлік деңгейдегі басшылық құрамын жаңарту жөніндегі жоспарлы жұмысы аясында ұйымдастырылды. Конференцияға ЖСДП басшылығы, филиал кеңесінің мүшелері, сондай-ақ партия белсенділері мен жақтастары қатысты.

Конференция төрағасы Валерий Леонидович Смоквин күн тәртібін таныстырып, негізгі мәселе ретінде Ақмола облыстық филиалының жаңа төрағасын сайлауды ұсынды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша филиал төрағасы болып Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы сайланды. Ілияс Әбілқазыұлы Көкшетау қаласында дүниеге келген, 2016 жылдан бастап партияның белсенді мүшесі. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік салаларда мол тәжірибесі бар, бастамашыл әрі жауапты партия мүшесі ретінде танылған. Конференция соңында партияның негізі қаланған сәттен бастап саяси бағытқа қосқан өлшеусіз үлесі үшін экс төраға Валерий Леонидович Смоквин партиялық медальмен марапатталды. Партия басшылығы оған көп жылдық белсенді еңбегі мен филиалды табысты басқарғаны үшін шынайы алғысын білдірді. Ақмола облыстық Жалпыұлттық социал-демократиялық партия филиалы алдағы уақытта да өңірдегі өз позициясын нығайтып, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды кеңейтуге және әлеуметтік әділеттілік, адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыра береді.

ЖСДП Ақмола облыстық филиалы