ЖСДП жастары ардагер қарттың үйіне қонаққа барды

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Маңғыстау облысы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) жанындағы жастар қанатының белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагері Салазкин Василий Ивановичті арнайы құттықтап барды. Бұл игі шара жас ұрпақтың соғыс қаһармандарына деген құрметін білдіру мен тарихи жадыны сақтауға бағытталған. Жастар ардагердің үйіне барып, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, олар Василий Ивановичке шын жүректен алғыс білдіріп, оның ерлігі мен батырлығын жоғары бағалады. Ардагер өз кезегінде соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдерді еске алып, майдан даласындағы қиын тағдырларды еске алды. ЖСДП өкілдері мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіндегі рөлі зор екенін атап өтті. Олар бейбіт өмірдің бағасын түсіну үшін өткеннің тағылымын ұмытпау үшін қарттармен үнемі жолығып олармен әңгімелесіп тұру керектігін түсінді. Бұл кездесу – бір ғана құттықтау емес, бірнеше буынның арасында рухани көпір орнатудың алғышарты. Салазкин Василий Иванович сынды ардагерлер – ел тарихының тірі шежіресі. Олардың алдында бас иіп, құрмет көрсету – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.

ЖСДП Маңғыстау