Абай облысы жылу маусымына қаншалықты дайын

Қыстың қамын жаз ойла, ˗ дегендей жер қара, күн жылыда отын-суды қамдап, жылыту маусымына сақадай сай дайын отырғанға не жетсін? Әне-міне дегенше, қылышын сүйретіп қыс та келіп қалады.

Абай облысында өзіміз білетіндей ауа райы жылдағыдай қазан айынан бастап күрт салқындай бастайды. Жауын-шашынды, қара суық өңменіңнен өтетін мезгіл де иек астында тұр. Күз мезгілі мен көктемнің алғашқы айы наурызды қосқанда алты ай бойы жылыту маусымы аяқталғанша от жағылады. Осы ретте ЖСДП Абай облысының филиалы облыстың жылыту маусымына дайындығы туралы мәліміттерді қарастырып, ақпараттар жинақтаған еді. Естеріңізде болса, биыл ақпан айында Абай облысындағы Шуақ ауылының қазандығы істен шығып, бүкіл ауыл халқы бірнеше күн жылусыз қалған болатын. 4 жыл бұрын ғана қолданысқа берілген жаңа жылу нысаны аязды күндері сыр беріп, елді мекен тұрғындарының дені үйлерін тастап, қалаға туыстарын паналап кеткен еді.

Жалпы, облысты орталықтандырылған жылумен қамтуды 11 кәсіпорын қамтамасыз етеді, оның ішінде 44-і жылу көзі бар.

Облыс бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 401 шақырым, желілердің орташа тозуы 64,2%. Оның ішінде Семей қаласы бойынша желілердің ұзындығы 325,5 шақырым. Тозуы 66%. Жыл соңына дейін ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленеді және сол құрылыстың құны шамамен 482 миллиард теңгені құрайды. Бұл ЖСДП Абай облыстының филиалына берген әкімдіктің ресіми жауабы. Айта кетсек, Семей қаласында биылғы жылы қаржыландыру бойынша 29 шақырым жылу желілеріндегі жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Семей қаласы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, қалада жылу маусымы ресми түрде 1 қазаннан бастап берілген.

Жалпыұлттық социал-деморкратиялық партия Абай облыстық филиалы істің қаншалықты нәтижелі болатынын назарда ұстауда.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыстық филиалы

Смотрите также: