Алматы қаласының экологиялық жағдайы оңалмай тұр

Соңғы жылдары Алматы тұрғындарының саны қарқынды өсуде. Халық санының артуы қала өміріне әсер етпей қоймайды. Әрине, бұл қала экологиясына да үлкен септігін тигізеді.

Алматының ауасы мен қоршаған ортаның ластануы бойынша көш бастап тұрғаны баршаға белгілі. Қала тұрғындарының пікірін білу үшін Алматы қалалық филиалының белсенділері «Қаланың экологиялық жағдайы» тақырыбында сауалнама жүргізуді ұйғарды.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, көптеген тұрғындар экологиялық жағдайға және ластанған ауаға шағымданады. Респонденттердің жақындары созылмалы аллергиялық аурулармен ауыратыны белгілі болды, бұл біз дем алатын лас ауадан туындауы мүмкін.

Сауалнамаға қатысқандардың кейбірі ауаның ластануын көлік санының көбеюімен байланыстырды. «Коронавирустық кезеңде түтін көп болған жоқ, өйткені көліктердің кіруіне шектеулер болды және олардың саны өте аз болды», - дейді тұрғындардың бірі.

Қазақстан қалаларындағы ауаның ластануын көрсететін AirKaz.org сайтына жүгінсеңіз, Алматы қаласында ластану деңгейі айтарлықтай асып кеткен.

Ауа құрамындағы заттар – шаң, күл, түтін, сульфаттар, нитраттар; газдар - азот диоксиді, көміртегі тотығы, күкірт диоксиді, формальдегид, фенол, хлор, аммиак, күкіртті сутек және т.б.; ауыр металдар – қорғасын, кадмий, бериллий, сынап, мырыш.

Экологтартың айтуынша, Алматының ауасын ең көп ластайтын улы газдар: азот диоксиді, көміртегі тотығы және формальдегид, сондай-ақ, жоғары жиілікті бөлшектер. Олар автомобильдің пайдаланылған газы, жылу электр станцияларының шығарындылары, қатты тұрмыстық қалдықтардың жануы және т.б. нәтижесінде пайда болады.

Газдардың аз концентрациясы кезінде басымыз ауырады, назарымыз бен ұйқы бұзылады, қан қысымы көтеріледі, тамақ ауруы пайда болады. Ұзақ уақыт әсер еткенде тыныс алу жолындағы созылмалы өзгерістерге, зат алмасу процестерінің бұзылуына, жүйке жүйесінің күйзелуіне және дененің қорғаныс функциясының төмендеуіне алып келеді. Қауіпті аурулардың қатарында бронхит, астма, аллергия, өкпе рагы, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, зәр шығару жолдары мен қуық ісігі бар.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша, үнемі ластанған ауаны жұту адамның өмір сүру ұзақтығын 8-10 жылға қысқартады.

Тыныс алу мүшелерінің аурушаңдығы бойынша Алматы қаласы Қазақстанда бірінші орында тұр. Мемлекет тарапынан қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар мәселені шеше алмай жатыр. Қала халқының саны көбейген сайын түбегейлі шаралар қабылданбаса, экологиялық жағдай одан ары қиындай түсуі ғажап емес.

ЖСДП Алматы қалалық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы