Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауалын жолдайды.

Қазақстан Республикасында халықаралық және республикалық маңызы бар 20 су айдыны бар, олар 367 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген, оның ішінде 271 учаске 138 пайдаланушыға бекітілген, 96 учаске бекітілмеген күйінде қалуда.

Жергілікті деңгей туралы айтатын болсақ, бізде 2 841 балық шаруашылығы су қоймасы бар, оның 1 781-і пайдаланушыларға бекітілген, қалғандары резервтік қорда.

Бұл ретте, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердегі қызметкерлердің орташа саны 40-тан 60 адамға дейін құрайды.

Браконьерлікке жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажет ететін су айдындарының саны, уәкілетті орган қызметкерлерінің санынан бірнеше есе артық екенін байқаймыз.

Қызметкерлер мұндай аумақты физикалық тұрғыдан толық көлемде бақылай алмайды, әрине бұл браконьерлер үшін тиімді.

Тағы бір назар аударатын мәселе – браконьерлердің электр таяқшаларын қолдануы. Балық аулаудың бұл түрі Іле өзенінде кеңінен қолданылуда, онда 4-5 қайықтан тұратын браконьерлер бірігіп қыстайтын шұңқырларды тоқпен ұрады.

Электр қармақтары жұмыс жасаған аймақта балық шабақтарының, уылдырықтардың, сондай-ақ көптеген құрттардың, моллюскалардың, шаян тәрізділердің және басқа да су тұрғындарының, тіпті су қоймасының тіршілігі мүмкін емес қарапайым организмдердің де жаппай қырылуы жойқын орын алуда. Бақыланбайтын және шектен тыс балық аулау өңірлерде үлкен экологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, Министрлік:

  • жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің штатын қайта қарастыру туралы;
  • аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің жалақысын арттыру туралы;
  • айыппұл сомасының пайыздық қатынасында браконьерді ұстағаны үшін қызметкерлердің сыйлықақыларының мөлшерін қайта қарау туралы мәселелерді пысықтауы қажет.

Сонымен қатар, нақты осы салада республика бойынша браконьерлерге қарсы және жануарлар дүниесін қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында кешенді іс-шараларды қабылдауды сұраймыз. Депутаттық сауалды қарау нәтижелері және оларды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары
Н. Әуесбаев А. Рақымжанов А. Сағандықова Н. Сайлаубай

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы